Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін»
Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңінің тәрбиелік мәні. Елдің тірегі негізгі күш-жастар. Олай болса,өмір бойы «алаш» ұранын көтеріп кеткен Мағжан үшін жастардың тәрбиесінің, қайраттылығының орны бөлек еді. Өз өлеңінде ол жастарға үлкен үмітпен қарайды. Жастардың бойынан күштілікті, ер мінезді,туған жерге деген шексіз махаббатты көреді. Соған мақтанады. Шабыттана «Мен жастарға сенемін» деп асқақтай сөйлейді.Бірақ біз жастар осы ақын ойын ақтап жүрміз ба?- деген сұрақ көкейде тұрады. Өлеңдегі қайраттылық, рух-жігер, табандылық, әділеттілік, барлығы тәрбиеден бастау алады. Тәрбиені біз басты ата-анадан,ортамыздан және осы өлең жолдарынан ала аламыз.
Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенмін!
-деп жастарды намыстылыққа, қыздарымызды атақ-абыройларына дақ түсірмеуге шақырады. Жастарды ар намысын бірінші орынға қоюға үндеген.Сондықтан осындай Мағжан салып кеткен өлең жолына жастарды бағыттау үшін темірдей тәрбие керек. Сонда ғана сенім ақталып, білім парасатына сай, жастарымызға елдің ары мен намысын таптатпауға,болашақтың тізгінің жастарга сеніп Алаш атын аспанға шығарар олар бір таңда Мен жастарға сенемін- деп Мағжанның өлеңін өмірлік ұран қылып, бойымызға сіңірер едік.
Жастардың тұлғалық сипаты жас кезінен бастап қалыптасады. Мысалы, жас сәби табиғатынан таза пәк, бұл жастардың әлі өмірден ештеңе көрмеген, көңілге түймеген кезеңі. Дәл осы кезде ата-анасының тәрбиесін, білім беру мекемелеріндегі мұғалімдердің балабақшадан бастап рухани адамгершілік құндылықтарды Отанына деген сүйіспеншілікті намыстылық пен қайраттылықты бойына жинату- ең маңызды іс болып табылады. Жастар бойындағы қайрат, жігер сенімділік Мағжан өлеңінде айтылғандай, «Жұмсақ мінез жібектер. Сүттей таза жүректер. Қасиетті тілектер- Мен жастарға сенемін!»- дегендей жастар бойында қасиеттер әлі де сақталғанына сенімдімін.
Мағжан поэзиясы - қазақ ұлтының мұрасы. Қазақ поэзия әлемінде айырықша із қалдырған, өзіндік үлкен өнер, ұшқыр қиялға толы өлең дүниесін кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырған ақын - Мағжан Жұмабаев.
Өз шығармашылығымнан:
Мағжанға
«Мен жастарға сенемін»-деп жырлады,
«Сарыарқамды сүйемін»-деп жырлады.
Туған жерді сағынып,
Сағыныштан жыр туып,
«Сағындым» - деп жырлады.
Ақындығы әкесінен дарыпты,
Сол дарынмен әлемге өзін танытты.
Жұмсақ жүрек, досқа адал мінезді,
Ақ жаулықты анасынан алыпты.
Алаш үшін не көрмеді бұл – Мағжан,
Шығармасы қайталанбас – ақ маржан
Елін-жерін шексіз сүйген тұлғамен,
Мақтанады, үлгі тұтып барлық жан.
Халқымыз «Сыршыл» дейді асыл тасын,
Ұлтқа деген махаббатын жасырмасын.
Елінің патриоты – Ұлы жанды,
Мағжанды әрбір қазақ ұлықтасын!
Жаппар Айгерім
