Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ТЫҢ ИГЕРУ:Алғанымыз бен жоғалтқанымыз Ғалым Мэхлис Сүлейменовке хат

Әрбір нәрсенің қарама-қарсы беттері болады екен. Қаншама жыл бойы тың өзінің сәнді-салтанатты күнгей жағымен ғана көрініп келген еді. Оны басқаша бұра алдық онда, деді. Енді екінші жағына көз салып қараса, оның несі бар?-деген сұрақ туындады.

Әлгі Хрущев болған кезде, шынында, ол өзі бастаған батыл істің, қауырт жұмыстың, істің басы-қасында боламын деп Қазақстаннан шықпайтын еді. Ол, обалы не керек, салтанатқа-тойға емес, іспен, жұмыспен келетін, дейді. Алтынның бейнетін басқа көрген екен, кейін Леонид Ильич зейнетіне, нәтижесіне тап болып, сынды тойға айналдыратын, деп айтады. Қазақстанда бірінші хатшы болып айналдырған алты-ақ ай істеген Брежневті Қазақстанның көсемі, тыңның тәңірісі етіп алдық деседі. Соның бәрі тыңды жан-жақты көрсеткізді ме?- деп сұрайды. Тыңға тіл тигізу саяси қылмыс болды. Тың игеру экономикалық емес, саяси шараға-шаруаға айналып кетті. Сосын ауыз аша алмадық қой, деп тіл қатады.

Ал, екінші жағына көз салар болсақ, тың сан миллиард алды, одан бәлен миллиард қайтарды деседі. Ол берген астық алтын бағасымен алыныпты. Топырақ уатылып шаңға айналды, туырлықтай дала жаңашаланып тулаққа айналды дейсің! Қаншама жайылым жыртылып кетіпті. Малды азайтып, астықты да жарытпадық дейді. Негізінде жылына жарты миллиард бидай тапсырған болатынбыз дейді. Енді, құлақтарынан миллиард пұттык шуы әлі кетпейтіндей. Сонда 35 жыл ішінде көп дегенде 5-6рет қана миллиард тапсырып, Қазақстанды миллиардтар республикасы деп ататқызу, сол миллисрдтың әрпұтын қосымша айлық пен сыйлыққа жұмсапты, орден менмедальдарға айналдыряп алғанбыз деп бүгін қайран боламыз, таңқаламыз деседі!

Бірақ рас, кезінде сол тың мемлекетке алғашқы жылдары арзан да сапалы астықты берген екен. Алпысыншы жылдары магазиндерде ет бос тұрып, нан жетпей қалғана кезде осы тың астығы қолқабыс жасаған деп көрсетеді. Сексенінші жылдары совхоздарға күрделі қаржы бір жарым есе, тыңайтқыш екі есе көп берілді деседі. Ал өнім олардан 9-10% қана көбейді мыс. Құмға құйған су емес пе бұл?-деп сұрақ та қояды.

- Өне бойы тыңға беріп жатқанымыз өсіп, көбейіп келеді,-дейді. Тыңайтқыш та арам шөпке қарсы қолданар гербицидтер де көбейтілді. Бірақ, 80-ші жылдары астық бір жарым миллион тоннаға дейін азайды. Әрі қарай дәл осылай азая берді. Жер де күннен күнге тозды. Бірақ бұдан таза пар құтқарады деген екен. Сонда да ол өтірік еді.

Міне дәл енді ойланбасақ, тоқталмасақ болмайды, топырақты жыртуды да тоқтату керек. Ойлану керек!-деседі. Егістікті танап, интенсифті технологияларды да сөзге тиек етіп еді. Бәрі бекер сөз, деді тағы бір кісі! Қанша майсауыр топырақ болмасын, оған ылғал түспесе негізі дән жарыла ала ма, жарып шыққан дән қара топырақты да жарып шыға ала ма, жарып шыққан көк қылтаннан ылғал болмаса да дән шыға ала ма, шығарылған дән су болмаса толысып, толыға алсмс төреші.

Негізінде жалпы олардың сол кездегі игерген тыңымыздың топырақ құнарын-құнарлылығын нағыз шынайы, сонау дүниежүзілік үлгі-эталон болып танылған Ресейдің әйгілі қара топырағымен салыстырып, оны 100 балл деп бағалағанда, онда олардың Солтүстік Қазақстан жеріндегі топырақ қана құнарлығы жағынан 60 баллға барады екен.

Тың игеру, тың және тыңайған жерлерді игеру — КСРО-да (Қазақстан, Сібір, Орал, т.б.) 1954 – 1960 ж. жүргізілген науқан. КСРО бойынша жалпы 41,8 млн га жер жыртылса, соның 25,5 млн га-сы қазақ жері болды. Тың игеру нәтижесінде Қазақстан КСРО-дағы ең ірі астықты республикаларының біріне айналды. Тың игеру. Кеңес үкіметі тұсында ең көп тәжірибе жасалған сала – ауыл шаруашылығы. Жасалған реформалар аграрлық саланы дамытудың орнына, көбінесе үлкен қиындықтарға алып келді. Ауыл шаруашылығымен қазақ халқы тығыз байланысты екені белгілі. Сондықтан қазақ халқының басым бөлігі ауылдарда тұрғандықтан реформалардың зардабы бірінші кезекте қазақтарға тиді. Ауыл шаруашылығындағы тәжірибелер 1950 жылдары өз жалғасын тапты. 1953 жылы қыркүйекте КОКП ОК пленумы ауыл шаруашылығында қалыптасқан жағдайды талқылады. Пленумда мемлекет басшысы Н.С.Хрущев баяндама жасады. Баяндамада аграрлық саланың артта қалу себептері талданды. Күштеп ұжымдастырудың зардаптары, миллиондаған шаруалардың ашаршылық пен саяси қуғын–сүргіннің құрбаны болғандығы атап көрсетілген екен.

Тың игерілген жылдардағы Қазақстанның астық жинаудағы көрсеткіштері мынандай:

1) 1955 ж. республика475 млн. пұтастык жинады;

2) 1956 жылы 1 млрд. тұтастықты мемлекетке тапсырды; 3)1954-1964 жж. одақ колемінде 3 рет қана (1956,1958,1964 жж.) астық сату жоспары орындалды;

4) тың игерілгеннен кейін Қазақстан небәрі 6 рет мемлекет қоймасына 1 млрд. немесе одан да артық астық өткізді.

«Тың игеру үшін» деген ұранмен 1950-ші жылдардың ортасында советтің түрмесінен босап шыққан 10 миллион адамды (көбі басбұзар, қылмыскер) қазақ жеріне тайлы-тұяғымен түгелдей аттандырды. Аз уақыттың ішінде 1,5 миллион адамды қаңбақша айдап әкелді. Соның салдарынан 1959 жылы халқымыз қарашаңырақ атамекенінде соры қайнап 30 пайыздан аспай қалды.

Ойымды қорытындалай келе айтар болсам, тың игеру жолында еліміз көптеген қиндықтарды бастан кешірді. Жай ғана қарапайым шаруашылықпен айналысатын егінші халық үшін құнарлы топырақтың тапшылығын да атап айта аламыз. Бірақ осы тұста Павлодар өкірінің топырағының құнарлырақ келетінін көре аламыз. Осы жолда ештеңеге мойымай халқымыз ол қиындықтарды да еңсере алды!

0
0
621

Осы тақырып бойынша