КҮЗГІ МАУСЫМДА 20 МЫҢНАН АСА АҒАШ КӨШЕТІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Қалада күзгі ағаш отырғызу маусымына орай 51 348 түп жай жапырақты, 9 586 қылқан жапырақты ағаш көшеттері отырғызылмақ. Қазіргі таңда жалпы саны 20 мыңнан аса көшет егілген. Қалған ағаштарды отырғызу жұмыстары толығымен желтоқсан айында аяқталмақ. Бұл туралы Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әбілхайыр Бақытқалиұлы баспасөз брифингінде баяндады. –Шымкент қаласы қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты қала аумағында 891 шақырымды құрайтын 443 магистралды көше бар. Аталған көшелердің санитарлық және механикалық тазалау жұмыстарын 5 мекеме атқаруда. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тарапынан биыл 110 су ұңғымасын қазу жоспарланған. Қазіргі уақытта 84 ұңғыма қазылды. Қысқы маусымға 155 арнайы техника дайын. Өткен жылмен салыстырғанда қар күреу…