Мазмұнға өту

Жаңа

Хуситтер Ресей мұнайы бар екінші танкерге қателікпен шабуыл жасады

Хусит содырлары Йемен жағалауларындағы ресейлік мұнай тиеген танкерге зымыранмен соққы берді. Бұл қателікпен жасалған шабуыл екен.Теңіздегі қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын британиялық Ambrey компаниясы өкілдерінің хабарлауынша, адамдар зардап шекпеген, танкерге де зақым келмеген. Сондай-ақ олар бұл хуситтер шабуыл жасаған ресейлік мұнайы бар екінші танкер екенін айтты.Йеменнің басым бөлігін Иранның қолдауымен бақылауда ұстап отырған хуситтер Қызыл теңіздегі батыстық коммерциялық кемелерді өткен жылдың 19 қарашасынан бері атқылап жатыр. Бұны олар Израильдің Газадағы әскери операциясына қарсылық ретінде жасауда.Израильді қолдап отырған елдер де бұған бей-жай қарай алмады. АҚШ пен Ұлыбритания биыл қаңтардың 11-інен 12-сіне қараған түні Йеменге әуеден соққы берді. Сөйтіп, ел астанасы Са…

0
0
150

ҚТ, ДТ дегенді бастаған Асанбай Асқаров - Дулат Исабеков

Еліміздің оңтүстік өңірінде ДТ мен ҚТ (Дулат пен Қоңырат) деген дерттің бары қазір күллі қазаққа мәлім. Бірақ осы жұрт бұлай бөлінудің қайдан шыққанын біле ме екен?Фото: exclusive.kzБелгілі жазушы, драматург Дулат Исабеков «Adal Adam» ютуб-арнасында журналист Дәурен Сейітжанұлына берген сұхбатында соның қалай басталғанын айтып берді. Журналист оған «ДТ, ҚТ деген дерт бар ғой. Бірақ бұл қара халыққа шынында керегі жоқ. Сонда бұл кімге керек? Осы індетті жасап шығарған авторлар кім?» деген сұрақ қойды.«ҚТ, ДТ деген Шымкенттен шықты. Сол жақта ғой ДТ мен ҚТ (күледі). Оны бастаған кім... жазушы емес... Шымкентте әкім болды ғой... Асанбай Асқаров... Иә, оны бастаған Асанбай Асқаров (1978-1985 жылдары Шымкент облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болған – ред.) болды. Сол келді-дағы Шымке…

0
0
1076

Елімізде бүгінгі ауа райы құбылмалы болады

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты 14 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

24.kz

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, республиканың солтүстігі мен шығысында қалың қар жауады. Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Тек батыста күн райы жауын-шашынсыз болады деп болжанып отыр.

Еліміз бойынша тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады, жел тұрады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында екпіні 30 м/с күшті жел болады.

kaz.inform.kz

0
0
167

Ресейде бала туу көрсеткіші қатты төмендеп кетті

Путиннің «әрқайсың сегіз баладан туыңдар» дегеніне, жасанды түсікке шектеулер қойылып жатқанына қарамастан, Ресейде бала туу көрсеткіші көтерілмей тұр.Демограф Алексей Ракша осы елде былтыр дүниеге келген балаларды санап шығыпты. Өңірлердегі АХАЖ мекемелерінің мәліметтерін түгендеген ол 2023 жылы Ресейде 1,261-1,263 миллион сәби дүние есігін ашқан деп отыр. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 3,3 пайызға аз деген сөз.Жалпы, Путин басқарғалы бері бұл көрсеткіштің аса бір өспегені байқалады. Бала туу бойынша ең төменгі деңгей 1999 жылы болған еді. Мемлекеттік статистика федералдық қызметінің мәліметі бойынша, ол кезде Ресейде 1,215 миллион бала туылған. Бірақ ол кезде Чешенстан мен 2014 жылы басып алынған Қырымдағы көрсеткіш қосылмаған еді. Егер осы екеуін қоспаса, өткен жылы Ресейде 1,213 мил…

0
0
186

Алматы маңында асі ірі көлемдегі есірткіні дайындап, сатумен айналысқан шетелдіктер ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комтетінің Алматы қаласы бойынша департаменті аса ірі көлемде синтетикалық есірткіні өндіру және тарату әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлап отыр.

2024 жылғы 3 қаңтарда Алматы қаласына жақын орналасқан жалға алынған жеке үйде есірткіні дайындау кезіндегі қылмыс үстінде жедел қызметкерлер екі шетелдік азаматты ұстады.

Тінту барысында заңсыз айналымнан 30 кг «альфа-PVP» психотропты затының дайын өнімі, сондай-ақ 5.5 тоннадан астам прекурсорлар алынды.

Қолда бар мәліметтер бойынша есірткілер интернет арқылы сату жолымен Қазақстанда таратылуға арналған.

Сот шешімімен фигуранттарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

0
0
176

Көлікке де жын тие ме? Молданың мәлімдемесі жұртты таңғалдырды

Әлеуметтік желіде күнде мың қызық, әйтеуір. TikTok-та бір молданың дін әлеміне қатысты ақылға сыймайтын нәрсені айтып тұрған видеосы жарияланды.

Видеода сөйлеп тұрған адам көлікте де көз болатынын, яғни оған да жын тиетінін айтып, желідегі жұртты таңғалдырды.

«Өзіміздің таныс ағамыздың басында болған проблема. Жап-жаңа машина өзінен өзі қорабынан май кетті. Ол көлік қорабының бөлшектерін арнайы тапсырыспен түгел алдырды. Және алты рет сол қорабын ашып-жапты. Бірақ проблема тоқтаған жоқ. Тіпті көлік жөндеу орнындағы қызметкерлердің өздерінің, жалпақ тілмен айтқанда, көздері алақандай болды. Сосын Алланың қалауымен көлікті бізге алып келді. Көлікке дем салдық. Көлікке құран оқыдық. Сол кезде Алланың қалауымен барлық нәрсе бірден тоқтады», – дейді молда.

0
0
491

АҚШ пен Ұлыбритания Йеменге тағы да әуеден соққы берді

АҚШ пен Ұлыбритания Йемен астанасы Санаға әуеден жаңа соққы берді. Бұл туралы «РИА Новости» агенттігіне қала әкімшілігіндегі адамдар хабарлаған.Бұл ақпаратты Fox News телеарнасы да растап отыр.АҚШ пен Ұлыбританияның «Аңсар Алла» қозғалысына қарсы әскери операциясы өткен жұманың түнінде басталған еді. Екі ел Йеменнің төрт провинциясындағы нысандарға әуеден соққы берді. АҚШ президенті Джо Байден мұны кеме қатынасына төнген қауіпке жауап деп атады.«Бұл – хуситтердің Қызыл теңіздегі халықаралық кемелерге бұрын болып көрмеген жойқын шабуылдарына жауап. Олар баллистикалық зымырандарды алғаш рет қолданып отыр», – деді Байден.АҚШ президенті хуситтердің 27 шабуылы салдарынан 50-ден аса елдің коммерциялық кемелеріне нұқсан келгенін айтты. 9 қаңтарда тіпті америкалық әскери корабльдерге үлкен шабуыл…

0
0
193

Қызылша дерті қайтадан күш ала бастады

Астанада күн сайын 75-80 бала қызылша инфекциясын жұқтырып ауруханаға түсуде. Оның дені — балалар. Бұл туралы қалалық №3 көпбейінді балалар ауруханасы директорының орынбасары Роза Өтегенова хабарлады.«Біздің ауруханаға қызылша инфекциясымен күніне 75-80-ге жуық бала түсіп жатыр. Оның 30-35%-ы стационарлық, қалғаны амбулаториялық ем алып жатыр. Қызылша жұқтырғандардың көбісі 7 жасқа дейінгі балалар. 10-15% ғана 7 жастан асқандар және 17% 1 жасқа толмаған сәбилер», - деді Роза Өтегенова Астана қалалық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.Сондай-ақ, маман қызылшаны жұқтырудың бірнеше себебін атады.«Мысалы, балабақшадан жұктырып келуі мүмкін, сосын оны үйдегі балаларға жұқтыру қаупі бар. Қызылша жұқпалы және оның таралуы жоғары (100%). Сондықтан уақытылы екпе алған абз…

0
0
155

Астанада Назарбаевтың ескерткіші алып тасталды

Елордада экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші алып тасталды.

Осы жағдайға дәлел болатын фотосуреттер t.me/secretwithsecret-те жарияланды.

«Астанадағы Қорғаныс университетінде Назарбаевтың ескерткіші алып тасталды. Елбасыдан арылу жалғасуда», - деп жазылған аталған Telegram-арнада.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші Ұлттық қорғаныс университетінің аумағында 2020 жылы тұңғыш президенттің 80 жасына орай ашылған еді. Енді оның алып тасталғаны әлеуметтік желіде мәлім болды.

Аталған университеттегілер ескерткіштің шынымен тұғырынан түскенін, оның қазір қоймада жатқанын айтты.

0
0
1867

Маңғыстау облысында аққулардың қырылуына Rixos отелінің қатысы бар ма?

Экология және табиғи ресурастар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетіндегі басқарманың бұрынғы басшысы, қазір аңшылардың «Табиғат» республикалық қауымдастығының вице-президенті Айтуар Туғанбеков Қаракөлдегі аққулардың жаппай қырылуына қатысты мәлімдеме жасады.Бұл үшін ол Facebook-тегі жеке парақшасына видео салған. Онда экс-шенеуніктің өзі сөйлеп отыр.Айтуар Туғанбеков 2020 жылы Rixos отелімен Қаракөлге су ағызып жіберу туралы келісімге қол қоймай қойғанын айтады.«Былай болуы керек-тұғын: Rixos суды Каспий теңізінен алады. Сол суды жұмысына пайдаланады. Олардың өздерінің бір сүзгілері бар. Суды сол арқылы өткізеді. Ал сосын оны бір жерге төгу керек қой. Олар шайынды суды жолдың арғы бетіндегі Қаракөлге төгейік деді. Әлгі келісімнің жобасында ол үшін әлдебір «супер» с…

0
0
197