Павлодарда құлап жатқан 52 миллион теңгенің шыршасы жұрттың ашуына тиді
Павлодар тұрғындары құлап жатқан шыршаның суретін әлеуметтік желіден көріп ашуланған. Айтқандай, бұл – қаланың осы жаңа жыл алдында жаңартылған басты шыршасы.

Оның білдей 52 миллион теңгеге жасалғаны да жұрттың ашуын тудырған еді. Ақырында оны қатты жел құлатып тынды. Әйтеуір, Құдай сақтап, одан ешкім зардап шеккен жоқ.
Ал қала әкімдігіндегілер бұл жағдайды жауапсыз қалдырған жоқ. Яғни әдеттегідей уәж дайын.
«Шырша түнде жинап алынып, қоймаға қойылды. Ал фотода оның бөліктерінің қойма алдына түсіріліп жатқаны көрсетілген. Әшекейлерге келсек, олардың бүлінген-бүлінбегенін тексереміз. Қалпына келтірілген соң олар да қоймаға қойылады», – дейді олар.
