Миллион доллар бопсалаған! БҚО полициясы күдіктіні ұстады
Батыс Қазақстан облысында етті мал шаруашылығымен айналысатын ЖШС құрылтайшыларынан 1 000 000 АҚШ долларын бопсалаған тұрғын ұсталды.

БҚО полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы өкілдерінің айтуынша, күдікті Toyota Mark II автокөлігінің ішінде ақша алып жатқанда қолға түскен.
Көлікті тінту кезінде сол жақтағы алдыңғы жолаушылар орындығының қалтасынан 4 миллион теңге тәркіленді. Сонымен қатар қаскүнемнің барсеткасынан 50 мың теңге табылды.
Қазір ҚР Қылмыстық кодексі 194-бабының (Қорқытып алу) 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
telegram.org/k/#@POLICE_of_KZ
