Депутат жарты млрд теңгеге түсірілген фильмді 325-ақ адам көргенін есептеп шығарды
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев мемлекет қаржысына түсірілген фильмдерге қатысты мәселе көтерді. Ол мұндай кинотуындылардың өз-өзін ақтамайтынына налып отыр.Мәжілісменнің айтуынша, Atlas entertainment компаниясы түсірген отандық «Время патриотов» фильміне 1 млрд теңге қаржы жұмсалып, кассалық жинағы небәрі 10 миллион теңге болған. Бұл — кеткен соманың 1 пайызы ғана.Sataifilm түсірген «Боксшы» фильміне 900 млн теңге жұмсалса, кассалық жинақ небәрі 25 млн теңге болыпты. Мұқаевтың ойынша, кино өте сапасыз әрі көрермендерге әсер бере алмады.«Сондай-ақ, «Медет фильм» түсірген «Лето 1941-го» отандық киносына 700 млн қаржы бөлінсе, оның 2 миллионы ғана қайтарылған. Бұл кеткен шығыннан 350 есеге аз. Мұнымен қоса, «Жизнь» фильміне 500 миллион кетсе, небәрі 650 мың теңгесі қайтқан. Мысалы, орта есеп…
