Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Депутат жарты млрд теңгеге түсірілген фильмді 325-ақ адам көргенін есептеп шығарды

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев мемлекет қаржысына түсірілген фильмдерге қатысты мәселе көтерді. Ол мұндай кинотуындылардың өз-өзін ақтамайтынына налып отыр.

Мәжілісменнің айтуынша, Atlas entertainment компаниясы түсірген отандық «Время патриотов» фильміне 1 млрд теңге қаржы жұмсалып, кассалық жинағы небәрі 10 миллион теңге болған. Бұл — кеткен соманың 1 пайызы ғана.

Sataifilm түсірген «Боксшы» фильміне 900 млн теңге жұмсалса, кассалық жинақ небәрі 25 млн теңге болыпты. Мұқаевтың ойынша, кино өте сапасыз әрі көрермендерге әсер бере алмады.

«Сондай-ақ, «Медет фильм» түсірген «Лето 1941-го» отандық киносына 700 млн қаржы бөлінсе, оның 2 миллионы ғана қайтарылған. Бұл кеткен шығыннан 350 есеге аз. Мұнымен қоса, «Жизнь» фильміне 500 миллион кетсе, небәрі 650 мың теңгесі қайтқан. Мысалы, орта есеппен кинотеатрлардағы билеттің бағасы 2000 теңгені құраса, онда бұл фильмді 325 адам көріпті-міс. Сонда сіз болып, біз болып «Жизнь» деген фильмге бюджеттен жарты млрд кетіріп, 325 адам көру үшін ғана түсірдік пе?! Яғни, мемлекеттен бөлінген қаражатқа түсірілген фильмдерді де халықтың көріп қуанып жатқаны шамалы, отандық киноөндіруші ұйымдардың кинотеатрда фильм көрсетуінде тағы өзіндік проблема бар. Ол — жарнаманың әлсіздігі, оған арнайы қаражаттың қарастырылмауы. Мемлекет қолдауымен түсірілген фильмдердің жарнамасы жоқтың қасы. Қаншама фильм түсіріліп, шаң басқан архивтерде жатыр. Тәуелсіздіктен бері қарай мемлекет қаржысына 600-ден аса фильм түсірілсе, соның ішінде өз-өзін ақтап, пайдаға шыққан фильм — тек «Досмұқасан» ғана», — деді депутат.

0
0
336

Осы тақырып бойынша

Депутат жарты млрд теңгеге түсірілген фильмді 325-ақ адам көргенін есептеп шығарды - Yvision.kz