Мазмұнға өту

Жаңа

Америкалықтар асырап алған 104 қазақстандық баланың тағдыры белгісіз - сенатор

Сенат депутаты Дархан Қыдырәлі шетелдіктер асырап алған қазақстандық балалардың тағдырына алаңдаушылық білдірді. Ол өзінің осы тұрғыдағы депутаттық сауалын Бас прокурор мен премьер-министрге жолдады. Сенатордың айтуынша, 2014 жылдың ақпанында Бас прокуратура арнайы тексеру жүргізуді және Жетім балалар мен оларды асырап алғысы келетін азаматтар туралы деректердің бірыңғай жүйесін құруды ұсынған. "Осы тексерудің қорытындысы мен қабылданған шешімдердің орындалу барысы бізге беймәлім. Мысалы, Оңтүстік Африка, Кения, Филиппин, Мексика, Мальта, Аргентина, Гватемала сияқты елдерге әкетілген 120 бала бақылауға алынып, бірыңғай деректер жүйесі құрылған ба? 20 жыл бұрын елден әкетілген жетім балалар өсті. Енді осы мәселе қайтадан талқыланып жатыр. Көбі өздерінің туған әке-шешелерін тапқысы келеді",…

0
0
188

Елімізде сот шешімін орындаумен енді роботтар айналысады

Әділет министрлігі Республикалық ЖСО палатасымен бірлесіп, Тараз қаласында жеңілдетілген атқарушылық істі жүргізуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қосты. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлап отыр.Осыған дейін азаматтар салынған айыппұлды уақытында өтей алмаған жағдайда, айыппұлдың 25%-ға дейінгі сомасын жеке сот орындаушыға төлеуге міндетті болатын. Енді бұл қызметті робот тегін атқарады.Жаңа жобаның арқасында ел азаматтары 2 млрд теңгеге дейін үнемдей алады.Жүйе алгоритмі келесідей тәртіппен жұмыс істейді:1. ҚР Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті 50 күн ішінде төленбеген әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұл сомасын өндіріп алу туралы ұйғарым жібереді.2. Робот 5 күнтізбелік күн ішінде талапты орындау қажеттілігі туралы SM…

0
0
250

Ақтөбенің аязында балабақша бүлдіршіндері далада жалаңаяқ жүгіріп жүр

Әлеуметтік желіде балабақшадағы балалардың аязды күні далада жалаңаяқ жүгіріп жүрген видеосы тарады.

Бұл видео Ақтөбедегі №40 "Балдәурен" балабақшасының Instagram-дағы парақшасына салынған. Қар кешіп, мәз болып жүгіріп жүрген бүлдіршіндер - осы мекеменің тәрбиеленушілері.

Бұл бейнероликке желі қолданушыларының басым бөлігі сүйсіне қараған. "Керемет! Мен де балаларымды берер едім!", "Қандай керемет балабақша!", "Жарайсыңдар! Мен де қосылып жүгіргім келіп кетті" деп жазған олар.

Ара-тұра қарсы пікірлер де кездеседі. Олар бүлдіршіндер мынадан кейін ауырып қала ма деп алаңдаулы.

Оларға балабақша өкілдері былай деп жауап жазыпты:

"Қар кешіп жүгіруге және төбеден суық су құюға әзірлік жазда басталады. Балалар сондай дайындықтан кейін ғана қардың үстіне жіберіледі".

0
0
518

Елімізде зейнетақының орташа мөлшері белгілі болды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еліміздегі зейнетақының орташа мөлшерін жария етті.Министрліктегілердің хабарлауынша, 2023 жылы республикалық бюджеттен 2,3 миллион адамға 3,3 триллион теңгеден аса сомаға зейнетақы төленген, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 1 триллион 16,6 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 2 триллион 297,4 миллиард теңге бөлінген."2023 жылғы 1 қаңтардан бастап инфляция деңгейін ескере отырып, әлеуметтік төлемдерді жыл сайынғы индекстеу шеңберінде ынтымақты зейнетақы өсімі 10,5 пайыз (инфляция деңгейінен 2 пайызға ілгерілеп) болды. Сондай-ақ, ең төмен күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты базалық зейнетақы мөлшері ұлғайтылды.2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 744 теңге болды, оның ішінде ынтым…

0
0
170

Енді Иран мен Пәкістан арасындағы жағдай ушыға бастады

Пәкістан таңертең Marg Bar Sarmachar контртеррористік операциясын жүргізді. Сөйтіп, Иранның Систан және Белуджистан провинцияларында орналасқан лаңкестердің нысанына соққы берілді.Фото: РИА НовостиПәкістан СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, операция аясында бірнеше лаңкес жойылды.«Бүгін таңертең Пәкістан Иранның Систан және Белуджистан провинциясындағы лаңкестердің баспаналарына жоғары деңгейде үйлестірілген және мақсатты дәлдікпен бірқатар әскери соққылар жасады. Қолда бар барлау деректері негізінде жүргізілген Marg Bar Sarmachar кодтық операциясы кезінде бірнеше террорист өлтірілді”, - делінген баспасөз хабарламасында.Еске сала кетсек, сәрсенбі күні Пәкістан өз аумағына, ортақ шекараға жақын жерге Иранның әуе шабуылын жасағанын мәлімдеді. Содан ресми Исламабад Иранды «Джайш әл-Адль»…

0
0
164

Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалы маусым айында ашылмақ

Премьер-министр Әлихан Смайылов пен TAV Airports Holding компаниясының президенті Серкан Каптан Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалының құрылысын және елімізде өзге де инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.Фото: sputnik.kzКездесу барысында үкімет еліміздің көлік-логистика әлеуетін арттыруға үлкен көңіл бөлетіні аталып өтті. Сондықтан Алматыда жаңа халықаралық терминал құрылысы сынды үлкен жобаны жүзеге асыру стартегиялық маңызға ие.«Оның ашылуы жолаушылар ағынын арттырып, ұшу географиясын кеңейтеді және мегаполис тұрғындары мен қонақтарына сапалы қызмет пен жайлылықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді деп күтеміз», — деді Әлихан Смайылов.TAV Airports Holding басшысы жобаны іске асыру барысы жөнінде жаңа ақпаратпен бөлісті. Оның айтуынша, бүгінде құрылыс жұмыст…

0
0
193

Сотталған вайнерлер апелляциялық шағым түсірді

Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов аппеляциялық шағым түсірді.Бүгін Алматы қалалық сотының апелляциялық инстанциясы белгілі вайнерлерге қатысты қаржы пирамидасы ісін қарай бастады. Апелляциялық сатыдағы сот отырысына жауапкерлердің өзі қатыспайды. Олардың мүддесін адвокаттары қорғайды.Еске салайық, былтыр 23 маусымда Алмалы аудандық соты танымал вайнерлерге Mudarabah Capital қаржы пирамидасы ісі бойынша үкім шығарған болатын. Айыпталушылар тарапында барлығы 12 адам болған.Төребаев пен Шерниязов Қылмыстық кодекстің 217-бабы "Қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару" бойынша кінәлі деп танылды.Сонымен қатар, Алмалы ауданының соты вайнер Мейіржан Төребаевқа қауіпсіздігі ең төмен колонияда бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Мейірхан Шерниязовқа да дәл осын…

0
0
249

«Қазақтелеком» АҚ мобильді операторларының бірі жаңа инвесторға берілейін деп жатыр

Үкіметте премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Қатысушылар «Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобын демонополизациялау барысын талқылады. Атап айтқанда, мобильді операторлардың бірін бәсекеге қабілетті нарыққа шығару процесі қарастырылды. Қазіргі уақытта әлеуетті шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп жатқаны айтылды.

Жалпы бұл шара халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттырып, телекоммуникация саласының дамуына оң әсерін тигізеді деп күтілуде.

Премьер-Министр бұл бағыттағы жұмысты жеделдетуді тапсырды.

Отырыста сондай-ақ химия өнеркәсібіндегі және басқа да салалардағы бірқатар кәсіпорынның жұмысы талқыланды.

0
0
189

Алғашқы «болашақтықтар» ма? Қазақ студенттері 1919 жылы Жапонияда оқыған

Белгілі алаштанушы Сұлтан Хан Аққұлы өте қызық жаңалықты жария етті. Оны Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев әлеуметтік желіде бөлісті.«1920 жылдың 21 маусымында жарық көрген «Вольный горец» (Тифлис) газетінің бір санында «Жапониядағы қырғыз студенттері» деген шағын ақпарат жарияланған екен. Яғни сонау 1919 жылдың өзінде Алашорда (Алаш республикасының үкіметі) Жапония үкіметімен қазақ жастарын (жігіттермен қатар, қыздар да бар!) қабылдап, сол елдің жоғары оқу орындарында оқуының қаржысын өтеу бойынша келісімге келген екен. 1919 жылдың соңы - 1920 жылдың басында Жапония алғашқы қазақ студенттерін қабылдап, Жапон үкіметі қазақ студенттерінің Еуропа мен Америкадағы оқуын қаржыландыруды мойнына алған екен. Алаш көсемдерінің қаншалықты прогресшіл болып, өз заманынан о…

0
0
465

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Римде бірқатар кездесулер өткізеді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кеше ресми сапармен Италияға барды. Оны Рим әуежайынан Италияның Қорғаныс министрі Гвидо Крозетто, Рим Папасының өкілі Франческо Каналини қарсы алды.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 18 қаңтарда Италия Президенті Серджо Маттарелламен, Премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөздер жүргізеді деп күтілуде.

Сондай-ақ президент «Қазақстан-Италия» инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар ірі компания басшыларымен кездесулер өткізеді деп жоспарланған.

Ал 19 қаңтарда Тоқаев Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездеспек. 

Айта кету керек, Қасым-Жомарт Тоқаев шет елдерге осы жылдағы алғашқы сапарын Еуропадан бастады. 

0
0
300