Мазмұнға өту

Жаңа

Түркияға, Арабияға көшіп жүрген ақымақтар бар – Рәтбек қажы Нысанбайұлы

Қазақстанның тұңғыш бас мүфтиі болған, сол кезде елімізге діннің кең таралуы жолында еңбек еткен Ратбек қажы Нысанбайұлы бүгінде Есік қалалық мешітінің бас имамы болып отыр. Ара-тұра журналистерге сұхбат беріп тұрады.Ол бұл жолы “Адырна” ұлттық порталының YouTube-арнасына сұхбат беріпті.«Сұхбат барысында елдің дін саласындағы іс-әрекеттерін баяндайды. Бұхарадағы Мир-Араб медресесін бітіріп, Ливияда шариғат саласында докторлық атақ алған ол осы саладағы қалыптасу кезеңдері мен бүгінгі ахуалға да тоқталады.Совет кезіндегі діни жағдай мен қазіргі мәселеге шолу жасаған ол өзінен кейін Діни басқармаға басшылық еткен адамдардың кейбірін сынайды. Ол шет елден діни оқудан келгендердің сапасына да өз бағасын береді», – деп жазған порталдың өзі.Рәтбек қажы нақ осы шет елде дін оқуын тауыстым дегенд…

0
0
853

Еліміздегі үш өзенге су электр станциялары салынатын болды

Елімізді энергетика жағынан сырт елдерге тәуелсіз ету мәселесі биік мінберлерден жиі айтылып келеді. Ал үкімет соны орындау жағын мықтап қолға алып жатқанға ұқсайды.Сөйтіп, Іле, Ертіс, Шелек өзендерінде су электр станциялары салынбақ. Бұл туралы үкіметтің бүгінгі отырысында «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов хабарлады.«Самұрық-Энерго жобаларының портфелінде қазіргі кезде бірнеше су электр станциясын салу бойынша инвестициялық жобалар пысықталуда. Оның ішінде Іле өзенінде қуаттылығы 50 МВт Кербұлақ ГЭС-і, Ертіс өзенінде қуаттылығы 300 МВт-ға дейін Семей ГЭС-і және Шелек өзенінде қуаттылығы 70 МВт ГЭС-29 бар. Осы жобалар бойынша жобалау алды құжаттаманы әзірлеу, сондай-ақ құрылыс үшін жер учаскелерімен қамтамасыз ету бойынша жергілікті атқарушы органдармен жұмыс жүргізілу…

0
0
300

Автомобильдік қаржы пирамидасы деген де бар. Соны құрғандар сотталып жатыр

Ақтөбе облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды. Бұл істі Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті тергеген болатын.2022 жылдың наурыз айында Д.И. Дәулетов, А.Т. Жанасаевтың жетекшілігімен құрамында К.А. Құдасов, О. Б.Жайлаубай және басқа да тұлғалар бар қылмыстық топ «Аuto Seller» ЖШС деген атпен автокөлік құралдарын жоғары бағамен сатып алып, төмен бағамен сатумен айналысатын қызметті бүркемелеп, қаржы пирамидасын құрған. «Аuto Seller» ЖШС басшылары автокөлік иелеріне (тіркеу есебіне қарамастан) екі-үш ай ішінде тең бөліктермен төлей отырып, нотариалды куәландырылмаған сатып алу-сату шарттарын жасасып, олардың автокөліктерін 20%-ға қымбат сатып алуды ұсынған. Осыдан кейін бұл автомобильдер көлікті сатуды жүзеге асыратын жаңа тұл…

0
0
396

Астананың бас санитар дәрігері ата-аналарға үндеу жасады

Елордада қызылша ауруына қатысты эпидемиологиялық жағдай күрделі болып отыр. Мұның басты себептерінің бірі – вакцинацияның жеткілікті деңгейде жасалмауы. Әсіресе, балалар арасында жағдай қиын. Осыған байланысты Астананың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова ата-аналарға үндеу тастады.Халықтың көп бөлігінде қызылшаға қарсы иммунитет қабатының болмауына себеп көп. Санитар дәрігердің айтуынша, бұл вирустың айналымы мен эпидемиологиялық процестің дамуы үшін қолайлы жағдай жасауды жалғастыруда.“Сондықтан ревакцинация жүргізіп, балаларға уақтылы екпе алу керек. Науқаспен байланыста болған жағдайда 72 сағат ішінде шұғыл екпе алуға мүмкіндік барын атап өткім келеді. Осылайша вакцинация алмай науқаспен байланыста болған адамдарды инфекциядан уақтылы қорғау және инфекцияның одан әрі та…

0
0
246

Қазақстан Дүниежүзілік банкпен бірлесіп жалпы құны 8 млрд доллардан асатын 48 жобаны іске асырған

Премьер-министр Әлихан Смайылов Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Татьяна Проскуряковамен кездесті.Тараптар экономиканы дамыту, цифрландыруды енгізу, қоршаған ортаны қорғау және тағыбасқа салалар бойынша бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.Үкімет басшысы 30 жылдық серіктестік барысында елімізде жалпы сомасы 8 миллиард доллардан асатын 48 бірлескен жобаның сәтті іске асырылғанын атап өтті. Бүгінде 6 жоба белсенді түрде жүзеге асырылуда.Оның сөзінше, Дүниежүзілік банкпен серіктестік инклюзивті және тұрақты дамуға қол жеткізу үшін Қазақстанда іске асырылып жатқан реформаларды қолдауға бағытталған. 20 жылдан астам сәтті жүзеге асырылып жатқан Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы оның айқын мысалы болып табылады.«Қазақстан Үкіметі Дүниежүзіл…

0
0
164

35 жасқа дейін баспана алып қалуға әрекеттеніңіз

Биыл жастарды тұрғын үймен қамту бағдарламасына бюджеттен 50 миллиард теңге бөлінді. Осылайша, елімізде жеңілдетілген ипотекалық несие беру бойынша жастар бағдарламасын жүзеге асыру жалғасады.2024 жылы бұл жобаны Астана, Алматы қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында іске қосу жоспарланған.Жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасын «Отбасы банкі» АҚ Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен облыс және қала әкімдіктерімен бірлесе жүзеге асырады.«Бағдарламаларға 35 жасқа дейінгі әлеуметтік сала, БАҚ, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері, квазимемлекеттік сектор, коммуналдық кәсіпорындардың қызметкерлері қатыса алады. Әр аймақтағы кәсіптер тізбесін…

0
0
158

Бүгін Астанада аяз болады, бес қалада жайсыз метеожағдай қалыптасады

«Қазгидромет» еліміз бойынша 16 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жасады.

Бүгін ең суық ауа райы Астанада болады деп күтіліп отыр. Мұнда күндіз 22-24 градус аяз болмақ. Қар жаумайды, жел бар.

Ал Алматы мен Шымкентте күндіз 0-2 градус суық. Оңтүстік астанада тұман, көк тайғақ болады. Үшінші мегаполисте әлсін-әлсін қар жауып, тұман түседі.

Жалпы, еліміздегі қалалардың басым бөлігінде метеожағдай жақсарады. Ол тек Астана, Ақтөбе, Теміртау, Қарағанды, Павлодар қалаларында жайсыз болмақ.

Жайсыз метеожағдайға қысқа мерзімді метеорологиялық факторлар (тымық күн, әлсіз жел, тұман, иверсия) алып келеді. Яғни осылардың салдарынан ауаның жерге жақын қабаты ластанады.

Фото: egemen.kz

0
0
200

Жетісу облысында депутатты пышақтап өлтіріп кетті

Бүгін Жетісу облысындағы Үшарала қаласында Алакөл аудандық мәслихатының депутаты Дәурен Слямовты өлтіріп кеткен.Бұл туралы алдымен журналист Сандуғаш Дүйсенова Instagram-дағы парақшасында жазды.Оның айтуынша, 34 жастағы депутаттың денесіне бірнеше жерден пышақ сұғылған көрінеді.Бірақ кейін осы оқиға туралы түсініктеме берген облыстық полиция департаментінің өкілдері марқұмның бір жерінен пышақталғанын айтты.«15 қаңтар күні сағат 15:25-те Алакөл аудандық полициясына Үшарал қаласында салынып жатқан нысандардың бірінде мас күйіндегі ер адам жұмысшыларға тиісіп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция келгеннен кейін жұмысшыларды жақтаған 34 жастағы ер адамға бір пышақ жарақатын салған күдікті 24 жастағы жергілікті тұрғын екендігін анықтады, ол оқиға орнынан қашып кеткен. Күдіктіні оқиға…

0
0
933

32 миллион теңгені алдап алған

Шымкенттік алаяқ жұртты 32 миллион теңгеге алдап түсірген. Сөйтіп, үшінші мегаполис пен Түркістан облысының 15 тұрғыны алаяқтықтың құрбаны болды.

Өзін білікті заңгер ретінде таныстырған ер адам сенгіш азаматтарға бизнес жоспарын жүзеге асыру үшін мемлекеттен қайтарымсыз грант пен арнайы төлемдер алып отыруға көмектесетінін айтқан.

Мұндай “қызметтің” құны 200 мыңнан 2,5 миллион теңгеге дейін бағаланған. Уәде етілгенін қызметті алмаған жәбірленушілер алаяқтың айласына түсіп қалғандарын түсініп, полицияға арызданған.

Оларға келтірген жалпы шығын сомасы 32 миллион теңгені құрады. Жедел-іздестіру жұмыстары барысында Тұран АПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері қаскүнемді ұстады.

Қазір бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін күдікке ілінген ер адам қамауда отыр.

polisia.kz

0
0
185

«Майқайыңалтын» кеніші маңында автобустың жер астына түсіп кеткен видеосы тарады

«Майқайыңалтын» АҚ аумағында жер астына түсіп кеткен автобустың іздестіріліп жатқанына 10 күннен асты.

Бұл көлікте төрт адам болған еді. Олар – жүргізуші мен 3 құтқарушы. Екеуінің денесі табылды. Содан бері тағы екі адам мен автобустың өзі күн-түн демей іздестіріліп жатыр.

Осы тұста автобустың жер астына түсіп кеткен сәтінің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

0
0
261