Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Денсаулық сақтау министрі өзі донор болуға келісім бере ме деген сұраққа жауап берді

Бүгін денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқа адамның қайтыс болғаннан кейін донор болу еркіне қатысты сұрақ қойылды.

Министрдің айтуынша, "Қоғамдық денсаулық сақтау туралы" кодексте келісім беру презумпциясы деген ұғым бар. Бұл көзі тірісінде ағзасын алуға тыйым салмаған әрбір дені сау қазақстандық қайтыс болғаннан кейін ықтимал донор ретінде қарастырылатынын білдіреді. Бірақ ағзаны алу жұбайының жазбаша келісімі немесе қайтыс болған адамның жақын туыстарының келісімімен ғана жүзеге асырылады.

"Халықтың пікірін білу, олардың дайын екенін түсіну үшін Денсаулық сақтау министрлігінде электрон тізілім бар, eGov арқылы кез келген адам өз еркін білдіре алады. Бүгінде 40 мың адам өз тілегін білдірсе, оның 15 пайызы тірі науқастарды құтқару үшін ағзасын беруге келісті.Бұл жұмыстарды, ірі ақпараттық жұмыстарды жүргіземіз. Желтоқсанда ауқымды трансплантациялар болды, екі донор, тоғыз адам. Біз барлығынан ұсыныстар жинап жатырмыз. Заң жобасын жасап, қоғаммен бірге боламыз", - деді министр.

Ажар Ғиният қайтыс болғаннан кейін өзі донор болуға келісім берер ме екен деген сұраққа жауап берді.

"Келісемін, қалауым сол", - деді ол.

0
0
154

Осы тақырып бойынша

Денсаулық сақтау министрі өзі донор болуға келісім бере ме деген сұраққа жауап берді - Yvision.kz