Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Qarmet компаниясындағы өзекті мәселелер майшаммен қаралды

Премьер-министр Әлихан Смайылов Qarmet компаниясы жұмысының мәселелері жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысын өткізді.

Жаңа инвестордың қатысуымен кәсіпорынның тұрақты жұмысын және одан әрі дамуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар, салық, магистральдық т/ж желісін пайдалану, сондай-ақ экологиялық заңнама нормаларын сақтау мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар отырыста Қарағанды көмір бассейні шахталарындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын өзектендіру жоспарлары қаралды.

Qarmet - бұрынғы "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының жағңа атауы. Ол осылай болып өткен жылдың желтоқсан айында өзгертілді. Оған өткен жылы қазан айында "АрселорМиттал Теміртауға" қарасты шахтада болған алапат апаттан кейінгі дау-дамайлар себеп. Компанияның атауы ғана емес, инвесторы да өзгеріп, үнді миллиардері Лакшми Митталдың орнына отандық кәсіпкер Андрей Лаврентьев келді.

Естеріңізге салсақ, 28 қазанда түнгі уақытта Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада жарылыс болған еді. Апат кезінде шахтада 252 адам болған. Жер бетіне 205 кенші шығарылды.

0
0
138

Осы тақырып бойынша