Мазмұнға өту

Жаңа

Сайлаушылармен кездесті

Бүгін «Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар ZOOM-конференциясын өткізді. Сайлаушылармен онлайн-кездесуге В.Аваргин, А.Шавдирова, С.Садвакасов, М.Мухамеджанова қатысты.Кандидаттар конференция қатысушыларын партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, сұрақтарына жауап берді.Филиал бағдарламасына енген «Қауіпсіз қала» бағдарламасы аясында: қоғамдық көмекшілердің санын 1,5 мың адамға дейін ұлғайту, Жергілікті полиция қызметінің (ЖПҚ) қызметкерлерін алып жүретін бейнетіркегіштермен, қызметтік автомашиналармен 100% қамтамасыз ету, 2025 жылға қарай полицияның учаскелік пункттеріне online режимінде сурет шығаратын бейнекамераларды орнату, 25 учаскелік полиция бекетіне жөндеу жұмыстарын жүргізу, Тұрғын аудандарды (тротуарларды, аула аумақтарын) жарықтандыруды қамт…

0
0
112

Ұлтаралық келісім — тұрақтылықтың негізі

Бүгін Достық Үйі этномәдени орталықтарының (Қазақстан халқы Ассамблеясы) белсенділері «Ұлтаралық келісім — тұрақтылықтың негізі» онлайн-марафонын өткізуде.

Марафон барысында «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының презентациясы жасалды.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, 2025 жылға дейін жоспарланған бағдарламада елдің әлеуметтік ілгерілеуіне және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты әрі тиімді шаралар ұсынылады.

Партияның сайлауалды бағдарламасы 4 тараудан тұрады. Олар: баршаға тең мүмкіндік беру, зияткер, дені сау және ұқыпты ұлт қалыптастыру, тұрақты экономика, есеп беретін мемлекет пен жауапты азаматтар.

Екібастұз қалалық сайлауалды штабының баспасөз қызметі.

0
0
167

16 - желтоқсан Тәуелсіздік күні

1991 жылғы 16 желтоқсанда президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге 29 жыл толды.Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай.

0
0
124

Кандидаттар ұстаздармен кездесті

Мәселен бүгін, 15 желтоқсан күні Қуаныш Исмагулов, Әсел Қаржауова, Бақыткүл Тиышбаева, Әділбек Идиятов, Айбол Долдашев, Бауыржан Жүсіпов «Білім» бастауыш партия ұйымы және білім саласының өкілдерімен кездесті.

Алдымен үміткерлер ауданнның сайлауалды бағдарламасындағы білім беру саласына жасалатын жағдайларға тоқталды.

Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясы ұсынып отырған басты басымдылықтар туралы айтып, партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттады.

Кандидаттар 10 қаңтар күні өтетін сайлауда еліміздегі беделді партия-"Nur Otan" партиясын қолдауға шақырды.

0
0
122

Тұрғындармен кездесті

"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында аудандық қоғамдық штаб мүшесі С.Жардемалиев Көпжасар ауылының тұрғындарымен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу бойынша кездесу өткізді.

1
0
114

Түйінді сауалға, тұшымды жауап алды

Қызылорда облысында «Nur Otan» партиясы атынан облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына үміктерлер Сырдария ауданы, Шаған ауылындағы «Шаған Жер» ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесті.Кездесу барысында «Nur Otan» партияның "Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір" атты бағдарламасын таныстырып, даму жолына бағытталған ең басты бағыттарды атап айтты.Облыстық мәслихат депутаттығын үміткер Расул Есенов алдағы кезеңде өңірде жаңа озық технологияларды енгізу және ауыл шаруашылығын заманауи жабдықтармен және өнімділігі жоғары техникамен жарақтандыру жұмыстарын жалғастыру үшін «Nur Otan» партиясы 87 инвестициялық жобаны іске асыруды көздеп отырғандығын айтты.Аудандық мәслихат депутатығына үміктер Еркебұлан Жақып Сырдария өзенінің Күміскеткен учаскесінде су қоймасының құрылысы, Қараөзек арнасында…

0
1
1703

Тұрғындармен кездесті

14-желтоқсан күні Қызылоба ауылдық округінде аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Б.Х.Жағыпаров «Есіктен есікке» акциясы аясында алдағы 10 қаңтардағы мәжіліс, облыс және аудандық мәслихат депутаттарының сайлауына қатысуға және «Nur Otan» партиясын қолдауға шақыру және үгіт насихат материалдарын таныстыру мақсатында тұрғындармен кездесті.

1
0
142

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер Жаңақалаға келді

Қыркүйек айынан басталған партияішілік сайлаудан оқ бойы озып, үздіктер қатарынан көрінген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер 3 кандидат – облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар, М.Өтемісов атындағы БҚУ-нің доценті, тарихшы Жаңабек Жақсығалиев, Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық аурухана меңгерушісі Сәбира Сүндетова 11-желтоқсанда Жаңақалаға іссапармен келген еді. Іссапардың негізгі мақсаты – 2021-жылдың 10-қаңтары күні өтетін ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы туралы ақпараттар беру және сайлауалды бағдарламаларын таныстыру еді. Біздің ауданға ат басын бұрған «Nur Otan» партиясының үміткерлері ең алдымен Қызылоба ауылында болып, ел-жұртпен кездесті. Алдағы бес жылға арналған сайлауалды бағдарламаларын таныстыра отырып, бірқатар мәселелердің шешілу жолдарын атқа…

1
0
217

Қабылдау кестесі шықты

Құрметті аудан тұрғындары!

⠀

"Nur Otan" партиясы Жаңақала аудандық филиалы құрамындағы аудандық партиялық тізімдегі кандидаттар алдағы уақытта әлеуметтік желілерде онлайн таныстырулар өткізеді.

Биылғы жылдың 11-желтоқсанынан бастап 2021-жылдың 8-қаңтары аралығында аудандық партиялық тізімдегі кандидаттар аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде ауыл тұрғындарын қабылдайтынын қаперіңізге береміз. Кандидаттардың аудандық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдау кестесі төмендегіше.

1
0
156

"Есіктен есікке" акциясын өткізді

13-желтоқсан күні облыстық мәслихат депутаттығына үміткер кандидаттар - Досмухамбетов Алихан мен Ермекқалиев Алтынбек және Жаңақала ауданының белсенді жастары Көпжасар ауылының тұрғындарымен "Есіктен есікке" акциясын өткізді. Акция мақсаты - сайлаушыларды тікелей байланысқа тарту және үгіт материалдары арқылы үгіт-насихат жүргізу. Үміткерлер сайлаушыларды сайлау өтетін күні сайлау учаскелерінің орналасқан жерімен ақпараттандырды, сондай-ақ сайлаушыларды толғандыратын мәселелер туралы ақпарат жинақтады.

1
0
150