Екібастұздықтармен онлайн-кездесу өтті
«Nur Otan» партиясы Екібастұз қалалық филиалында облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Мирхат Мұсанап, Мұхаметқайыр Андосов, Михаил Цыбанев, Ерболат Конурбаев, Сергей Лепёхин және Темірхан Әблезовтың екібастұздықтармен онлайн-кездесуі өтті. Жиынды қалалық сайлауалды штабы төрағасының орынбасары Татьяна Шмидт жүргізді.
Кандидаттар жиын қатысушыларын партияның Екібастұз қалалық филиалының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, сұрақтарына жауап берді.
Естеріңізге сала кетейік, ЕҚФ құрамында 13 мың партиялас бар. Бұл — өңіріміздегі партияның ең ірі филиалы.
Партияның сайлауалды бағдарламасында: «Құрметті Екібастұз қаласының тұрғындары! Біздің партия аймақ тұрғындарының үмітіне сай болу, халықтың барлық топтарының мүдделерін білдіру және халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын ретінде әрекет ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады. Біз Сіздерді қалалық мәслихат сайлауында «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырамыз. Біздің бағдарлама Екібастұзды кешенді дамытуға бағытталған. Біз өз аймағымызды әртараптандырылған, бәсекеге қабілетті экономикамен және адамдардың жайлы өмір сүруі үшін аумақпен қарқынды дамитын нақты шараларды ұсынамыз. Біз идеялармен алмасуға, сондай-ақ қаламыздың дамуы мен өркендеуі үшін барлық азаматтармен және қоғамдық бірлестіктермен кең ынтымақтастыққа дайын және ашық екенін мәлімдейміз. «Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігіне, еліміздің гүлденуіне және әрбір қазақстандықтың әл-ауқатына жұмыс істеуді жалғастырады. Біз алдымызға Сіздің сеніміңізді ақтау міндетін қоямыз. Біз бірге аймақтың әрбір тұрғыны жайлы өмір сүруге, дамуға және өзін-өзі жүзеге асыруға барлық мүмкіндіктерге ие болатын әл-ауқат қоғамын құрамыз», — делінген.
«Nur Otan» партиясы Екібастұз қалалық сайлауалды штабының баспасөз қызметі.
