Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ғашық көзбен

Автобус әдеттегідей лық толмаса да,біршама кісі бар. Универге қайта барғысы келмей,өз-өзіне жыны келіп,кішкене қобалжып қыз тұр. Бір жағынан оның не кінәсі бар? Бәрін жоспарлау мүмкін емес,болжап білудің де пайдасы жоқ. Онда қобалжып не керек? Сол ойдан босай бере, қыз бағанадан бері өзінен көз алмай тұрған жігітке көз салды. Қырымен ғана көзінің... Қазір қалада көп ер азаматтар киіп жүрген үлгідегі ақ жағалы қысқа күртеше киген, бірақ бұнікі қызға ерекше боп көрінді. Құлағында airpod,қыста күн жылынса бірден шешінетін қарағандылықтардың әдетімен бас киімі де жоқ. Сәл сопақшалау ықшам келбетті, ашық өңді,бір ер жүзді екен. Көздері шоқ секілді, мейірімді отпен жанып тұр. Бағана автобусқа мінген уақытта екеуі бір-бірлеріне қарап, сәл ойланып, есеңгіреп қалып еді. Секунд емес минуттар өткендей, шоқ жарқ еткен. Қыз алысқа бармай, автобус ортасындағы терезенің жанына тұрды. Жігіт келесі аялдамадан түседі екен. Дайындалып есік алдында тұр. Сол кезде қыз бен жігітті бөліп тұрған адам,босаған орынға барып отыра бергенде,екеуі бір-біріне қарап қалды. Қыздың суретші салған кескіндей, ешқашан көңілі құбылып көрмеген, діріл қақпаған, ауызынан артық сөз шықпаған, тіпті күлуді білмейтін еріндері сәл жымиып, көздері ойнап шыға келді. Есік ашылып, жігіт түсіп бара жатса да,көзін алмай кетіп бара жатты. Автобус баяу жүріп,сырғып бара жатқанда да жігіт пен қыз күлісе қарап, еріксіз жымия берді. Автобус есіктері жабылар сәтте, жігіт көзін қысып үлгерді-ау. Автобус жүріп кетті,екеу-ара байланыс үзілді.

-Апай кірсем бола ма?

- Үй, не боп қалды? Бірдеңе ұмытып кеттің бе?,- деді тақтаның алдында телефонын ұстап тұрған қысқа шашты,орта жаста болса да әдемілігін сақтап қалған апай.

- Жооқ, староста менің мәліметтерімді басқа файлмен шатастырып жіберіп қойыпты. Сол үшін қайтып келдім.

- Еее ,кір олай болса. Бағана ол отырған компьютер есіңде болса болды,- деп қолын әлденені көрсеткендей сермеп.

- Шеткісі болуы керек,- мен өзіме керек компьютерді тауып, рюкзагыммен асығыс отыра салдым.

  Тез арада ақтарып, өзімнің файлымды тауып алдым. Почтамның паролі қалай еді? Icescream? Icecream? Екеуін шатастырамын да жүремін. Апайға жіберейін бе?  Старостаға ма? Құрсын, екеуіне жібере салайын! Дайын, поштадан шығуды ұмытпау керек.

-Рақмет,апай! Сау болыңыз!

Осы файл үшін орта жолдан қайтып келдім. Тап-тамаша Рафпен автобуста отыр едім, бағана,- қысқа қоңырқай ақшыл түсті  күртешісінің ременін тағып жатып ойлады жас студент. Қара шалбарын түзеп, тағы бір айнаға қарап сыртқа шықты.

- Бүгін күн қандай жылы еді! Осы жылы қыс сондай суық болды. Қысты қаншалық жақсы көрсем де, мұншама суыққа менде шыдамайды екенмін. Ех, ақпанның қытықтаған аязына не жетсін,- осы ой жетелей ол жолдан өтіп, аялдамаға келді. Телефонын алып, наушнигін қыстырып, өлең қосты. Осы кезде асықпай, жасыл автобус, әйгілі 40 келді. Қызық, бірақ Айсқа қанша қыстырылысып, итерісіп, ауа жетпей барса да,автобуспен жүрген ұнайтын. Ең ұзақ жүретін 40- ты таңдап ап, соңғы орынға отырып адамдарды бақылаған қызық көрінетін оған. Ол күнде өзімен таңертең аялдамадан автобусқа отыратын адамдарды танитын, 8-ші корпусқа баратын балаларды, өзінің корпусына баратын үлкен-кіші студенттерді білетін. Қырықпен баратын оқушыларды да жиі көретін. Шамасы, Каргудың маңындағы мектепте оқиды. Университет аялдамасынан мінетін бір ұлды және бір қызды білетін, мүмкін екеуі сыныптас, мүмкін жоқ ... Екеуі сондай сүйкімді көрінетін қызға. Себебі, есіне өзінің мектебі түсетін. Ол да солар сияқты ерте тұрып, шулап автобуспен баратын еді...

Артқы орынға жайғасып, музыкасын қосып, терезеге басын қойып, білдіртпей кірген-шыққан адамдарды бақылайтын. Ұзындығы иыққа дейін ғана қара шашты, кішкене кекілі бар. Қысық көзді,қара қалың кірпікті, біркелкі қара домалақ skin tone. Әмірлі, көтеріңкі,сүйекті әрі ауыр көрінетін екі жағы, содан болар,бет - әлпеті шамалы ұлға келетін. Алғаш қарағанда еш әсер қалдырмайтын түссіз жіңішке қастар, қалың болса да, қысқа кірпіктер, кішігірім қыр мұрыны, сырттай сүйкімді, тұйық қылып көрсететін. Алайда, анықтап қараған адамды қыздың еріндері таңғалдырар еді. Келбетіне біртүрлі жұмбақ кейіп беретін, ол туралы бәрін айтып тұрғандай, алдамшы әсер қалдыратын. Суретші салғандай, сурет сияқты. Дәл қазір аспан айналып жерге түссе де сәл ашық қалпы,еш эмоциясыз!!! Оның өзіне деген шексіз сенімділігін айқындап тұрғандай. Сәл көтеріңкі, доғал иегі намысқой, қыңыр мінезінің кепілі еді. Сөйтіп, алғашқы әсерден дым қалмай, пердесі ашылған тезедей жалаңаш қалатын. Ол ешқашан аспанда қалықтап ұшпайтын, дәл қазір,осы секундта өмір сүретін. Ешқашан не ойлап тұрғанын біле алмайтынсың. Міне,ол сондай қыз еді. Восток-5 тен түсіп, алдымен дүкенге соғып, үйге тамақ алды. Лифтпен үшінші этажға көтеріліп, үйге кірді. Тып-тыныш. Анасы жұмыста, ағасы сабақта. Сыртқы киімдерін шешіп, тамақтарды ас үйге қойып, өз төсегіне құлай кетті. Ештеңе ойлағысы келмеді, ештеңе істегісі келмеді. Осылай 10 минут жатып,амалсыз киімін ауыстырып, үй қамына кірісті. Ағасы шығарып кеткен етті алып, турап, қазанды плитаға қойды. Көзі тоңазытқыш сыртындағы стикерға түсті. Бахтияр ғой,баяғы. "Ей ,Санөш жақсылап, мен жақсы көретіндей қып лагман жаса, кешке саған балмұздақ алып келемін, кино көреміз, ас үйді өртеп жіберме" депті Баха. Бұл өмірде жалғыз сүйеніші, тірегі ағасы еді,  өмірінен артық жақсы көретін. Ол болмаса,не істер еді?!

Есіне түскен бір әнді әндетіп жүріп, тамағын істеді. Ас үйді тізерлеп сүртіп жүргенде, бөлмесінде тоқта тұрған телефоны шыр ете қалды. Жүгіріп, дымқыл қолымен әзер басып, құлағымен иығына қысып:

- Иә, Раф?

- Айс, не болды бардың ба универге?,- деді трубканың ар жағындағы қыз.

- Иә, барып қайттым, кешір солай боп қалды енді.

- Ештеңе етпес, келесі жолы барамыз Штабқа.

- Шайын хабарласпады ма? Жоғалып кетті сол бар ғой.

- Жоқ, сен ғой оның көршісі,көрмедің бе не?!

- Жоқ дим, жұмыста шығар

- 'Ау,апа! Қазір барамын'  Жақсы,брат, мен кеттім,шақырып жатыр.

- Давай, давай.

Телефонын қайта қыстырып қойып, сырғып барып, ас үйге жетті. Үйді сүртіп болған соң, тамағып байыптап пісіріп, кешке қарайтын фильмді таңдауға кірісті

      Кеш. Кілт сыңғырлап, есік ашылды.  Қараңғыда ақырын басып, сыртқы күртешесін, әдемі кожадан істелген етігін қалай болса,солай шешіп ішке кірді. Үй қап-қараңғы, тек есігі жабық бөлмеден дыбыстар шығып жатты. Балалар кино көріп жатқан шығар. Ашайын деп қолын созып еді, қайта тартып алды. Есіктің бер жағындағы әйел ештеңе ойлағысы және істегісі келмеді, есіктің ар жағындағы әйелдің балалары, оның сол жерде тұрғанын сезіп, үндемей қабылдап тұрды. Анасының жылуынан айырылған екеу, бір-бірінен жылу іздеп, үнсіз ұғысты. Бұл тек секундтық әлсіздік, шындықтың келбеті еді. Бірер минуттан соң,бәрі сол қалпы өз орнына оралды.

   - Айс, кеттік Таирға барып қайтпадық па? ,- деді ілгіштен киімін алып, киініп жатқан Ақниет оған қарап. Таңертеңгі паралары бітіп, міне түсте универден балалар әркім үйді-үйділеріне тарап жатқан.

- Не істейін деп едің? Тағы бірдеңе алғың келіп жүр ме?

- Иәәә, папалар ақша салып жіберіпті, киім ал, тамақ ал деп.

- Білмеймін, негізі үйге бару керек.

- Айсанааа, кішкене жүріп қайтамыз, сосын сен білесің ғой, мен жанымда біреу болмаса,тіпті тамақта ала алмаймын.

- Жақсы,жақсы, сен маған грамматикадан көмектескенің үшін,қайда болса да барамын. Жүр,жүр!

  Екі ерке сылқым айнаның алдында боянып, күліп,сыртқа шықты. Қарағандының қысы,жарықтық , тамаша еді ғой. Көз байлағандай алғашында шым-шым әсер қалдырып, бұлдырап бар дүние көрінеді. Біртүрлі ауасына сіңіп кеткен қараңғылық па, әлде аспанының түңеріп тұруынан ба,жоқ болмаса, үйлердің, жалпы айналада қара түстің көптігінен бе, әйтеуір бір қалыпты жадырамай, жыламай тұратыны бар. Сол әдеттегі, қараңғылыққа қыста көк бозараңдаған реңк пен жарқ-жұрқ еткен өткір сәуле қосылғанда, міне-міне бірдеңе болатындай зым-зия сезім, жүректен желіп өтетін. Тұманды қалаға кіріп, суық сызылған жүректен өткендей болып, денені тітіркендіреді. Әдеттегідей, қырыққа отырып, Таирдан түсті. Айсананың қашан барса да, Таирдан басы айналатын. Ол тіпті, бұндай орындарынды ұнатпайтын, жәй уақыт жоғалту, уақыт өлтіру, ақша шашу деп санайтын. Қыздар пен Бахтияр болмаса, әдетте өз еркімен бірдеңе сатып алуға келмейтін. Ал, Ақниет болса, суда жүзген балықтай, жадырап шыға келді. Көзі жайнап, шын бақыттың белгісі, алда болатын тәтті сезімдердің дәмі мен қуанышын сезіп, көңіл-күйі көтеріңкі еді. Құрбысының осынша балалығы мен қамсыздығына сүйсінген Айсана артынан еріп, оның мынаны кисем жараса ма, кимесем не аламын деген әңгімелерін тыңдап келеді. Оның байқауынша, Ақниет жылтыр нәрселерді ұнатпайтын, бірақ әр түрлі оюларды жақсы көреді. Аса қатты кең киімдерді ұнатпайды, фигурасында дәп-дәл отыру керек, бірақ куртка және кардигандардың кең болуын қалайды. Ешқашан ақ түсті және сары  түсті киімдерді алмайтын. Біріншісін, кірлетіп алу оңай деп, екіншісі оған жараспайды деп санайтын. Әрқашан өзіне не келтінін және не керегін білсе де, ол "қайсысын алсам боладының?" жетегінде қалып қоятын. Осындай да оған ойланып, сөйлесетін адам керек. Айс бұндай да, бәрін біліп тұрса да, шешім қабылдау ауыр түсетін қызға, оның қай киімді көбірек мақтағанына қарай,  кеңес беретін. Өзіне әрқашан "өзіңді тыңда,сенімдірек бол"деп айтатын. Бүгінде ашық нәзік көк түсті водолазка мен қысқа жасыл кардиган екеуінің қайсысын аларын білмей тұрып қалды. Ақниетпен дүкен аралағыны бірінші емес, оның алдында водолазкам жоқ дегенін естіген, ойланбастан алғашқысын алуға кеңес берді. Әрең дегенде 3 сағаттан соң шалбар мен водолазкасын алып, бақытты Ақниет пен әбден қарны ашқан Айс 2 қабаттағы тамақ сататын жерге келді. Тып-тыныш бутиктардың арасынан өз бетімен шулы бөлек әлемге еніп шықты. Үлкен павилион түрлі тәтті иістерге толы екен. Адам соншалық көп те емес, аз да емес. Төрт бұрышты үлкен қоңыр диванды орындарға келіп жайғасты. Олар Palermadan бір пиццаға, KFS-дан тапсырыс берді.  Тапсырыстарын алып келіп, еш қамсыз жеп отыр еді, Ақниет оның қолынан сәл ұрып, басымен сол жақты нұсқады. Ақырын, оның сол құлағына қарай еңкейіп, " ана қара жейделі  жігіт, бағанадан бері сенен көзін алмайды" , "ииии олай палевна қарамасайшы" ,- деп Айс басын инцивтивна бұрып қалғанда, күліп айтты. Бірақ, табиғатынан қысылуды білмейтін қыз, қайта жалт қарап, анықтап объектісін тексеріп алды. Қара водолазка, көк ауыр түсті джинсыда, қолындағы коланың стаканымен ыңғайланған жәйбірақат қалпы олар жақтан көз алмайды. Қасындағы жігіт телефонмен сөйлесіп отырып, енді ғана не болып жатқанын байқағандай біресе қыздарға,біресе досына қарайды. Бетіне жалпиып қарап отыруды ыңғайсыз сезініп, қайта тамақ ішуге кірісті. Алайда енді бір қызыққан соң, мүлде қарамауға да дәті шыдамады. Бір кезде екі жігіт тұрып, жинала бастағанда, әлгі қара жейделі жігіт, екеуі отырған жаққа жақындады.

- Сәлем, қыздар, қалайсыңдар?-, бұрынғы таныстарын көргендей, еркін сөйлеп.

- Иә, сәлем, жігітім, бәрі жақсы,рақмет,- деп Ақниет айтты. Ол жігіт оған басын изеп, Айсқа қарап, бірдеңе айтқысы келгендей тұрып қалды.

- Сіз кешегі автобустағыы...? Сол емессіз бе?

- Мені таныдыңыз баа?,- деп шын таңғалып жас жігіт. Бұл кездейсоқтық па әлде тағдыр ма білмеймін, бірақ менің атым Жангелді, таныс болайық,- деп қолын созды.

Бұндай арты мен алды белгісіз ойыннан делебесі қозатын қара қыз, қолын созып:

Есімім Айсана, жақындарым үшін Айс!

- Сізді бір жерге шақырар едім, бірақ досым асығып тұр, мүмкін нөмеріңізді қалдырасыз?

- Мүмкін инста?

- Инстада отырмаушы едім...

- Жақсы, нөмір болса, нөмір

Өз нөмірін жазып , телефонын қайтарды. Жігіт оған күлімдеп, кетерде артына қарай беріп, бір ерекше көзқараспен көңілін тырмалап кеткен.

-Огогогоу, неткен кездесу мынау, неткен таныстық мынау,  "бұл тағдыр ма, жоқ кездейсоқтық па"... аааах, қандай сөздер, саған қараған взглядың...

- Ақниет, қой дегенде қой

- Жақсы, жақсы-, деп сықылықтап, екеуі астынғы этажға түсті. Аялдама Ақниет екеуінің жолы екіге айырылды, себебі, ол 40-ты жек көретін, отырмауға тырысатын. Сондықтан басқа автобусқа отырып, мініп бара жатып, қайта оралып, оған рақметін айтып, құшақтап кетті. Көп күттірмей қырығы да келіп, Айс "bustime" деп атап кеткен, дәстүрлі не әдет дейін десең біртүрлі, мүмкін жеке әлемі, ауадағы вакуум сияқты сезіміне назар аударды. Адамдар, музыка, жол, әйнектегі қырау,сырттағы ақ мамық, бәрі бәрі эйфория беретін. Тек бұл ғана емес, егер ең өзгеше әрі біртүрлі плэйлист номинациясын ойнар болса, оны міндетті түрде біздің қара қыз ұтып алар еді. Duft Punk-тан бастап, классиканы қосып, джаздан аттап, заманауи блюз бен электронды әуенді жинап алып, хип-хоп пен синти поп, инди роктан бір-ақ шығатын. Өлеңдерін тыңдап біткенше, эмоцияның асуынан асып, балшығына батып, суына шашалып шығасың. Сөйтіп жатқанда, түрі сыр бермейді біздің қызды, тәйірі! Ол адамдарды жақсы көретін, сырттай бақылағанды, олардың жасырған құпияларын ашқан ұнайтын. Бірақ бүгін bustimeмды бастайтын шама болмады. Әкесін есіне түсірді, хабарласпағанына біраз болып қалыпты. Әдетте, аптасына бір рет хабарласып тұратын, осы жолы екі аптадай болып қалыпты ғой. Бірдеңе болып қалмады ма деп уайымдап кетті. Оның дауысын сағынып, көңілі де түсіп кетті. Сыртай үндемесе де, іші сайрап тұратын қыңыр қыз өзін жәйсіз сезінді. Өкпесі мен уайымы бар, тәтті сезімнің салқын лебі, бәрі араласып, Молданазардың дауысын шақыртқандай болды. Плэйлистынан Алыстаманы тауып, қосып қойды. Есіне әкесінің алғаш ғылыми жобасына көмектескен есіне түсті. Қағазына және компьютеріге тиісуге рұқсат етпейтін әкесінің ағылшыннан тілінен қиналып жатқанын естіп, көмекке келген. Өзіне содан бастап, шеттілін үйреніп, маманы болып шығамын деп уәде берген. Бала кезінде әкесінен "Криминальное чтивоны" ұрлап оқитыны да есіне түсіп кетті, қазір газетті ешкім оқымайды ғой. "Ал папамның үйі толған газет"- деп ойлады. "Жинағанды жақсы көреді өзі" - мұрнына газет пен әкесі жақсы көретін көк шәйдің иісі келді. Шайын бір рет тіпті, осыған байланысты әзілдеген еді.

-  Менен бүгін:неге сенен мұң мен ғылымның иісі шығып тұр? Мен оларға: просто бүгін Айстың үйінде болып қайттым дедім.

Шайынның айтпайтыны жоқ. Айтпақшы бүгін жұма емес пе?!  Біздің үйде кездеседі екенбіз ғой. Құлағындағы U2-дің әні оған олардың айдың соңындағы жұмада кездесетін сәттерін есіне салды. Оның қашан басталғаны белгісіз, әйтеуір біраз болып қалды. Шайынмен бала кезінен таныс, екеуі бір подьезде тұрады. Ол үстіңгі этажда, өзі астында тұрады. Ал Рафпен 5-ші класта танысқан, ол жаңадан ауысып келген болатын. Басында онша қатты араласпаса да, кейіннен бір автобуспен қайтатындықтан сырласып, жақын болып кеткен. Шайын олардан бір жасқа үлкен, 2-ші курста оқиды қазіргі уақытта. Соған қарамастан, үшеуі тез тіл табысып кетті.  Екеуі қоңырқай қара дуэт болып жүргенде, ашық реңкпен бірден үйлесіп, араласа, кірігіп, толысқан. Әпкесіндей болып кеткен баяғыдан, екеуі. Былай қараса, алғаш кездесулерінен қатты өзгерген екен ғой. Өздері де, отбасы да.  Үйге де жақындап қалыпты...

- Сонымееен, қалай басталды бәрі айтшыыы

- Түууу, Раф

- Мен қазір жарыламын, атын айтшы хотябыы

- Жангелді, аты оның Жангелді, болды отыр тыныш, Шайын келсін.

- Жангелді деее, хм біртүрлі

- Несі біртүрлі?

- Бірінші рет естуім просто, өзі Қарағандыдан ба?

- Иә да

Есік қағылды. Айс қолындағы құймақ айналдыратын қасығын үндеместен Рафқа ұстатып, барып есік ашты.

- Мммммм, сен әдетіңше, бірдеңе пісіріп жатсың ба?

- Саған да сәлем, неге кешіктің?

- Папам ғой сол баяғы...

- Қайта ма? ,- көздерін тоңқайтып, түрімен "иә" деп. -  Жүр, кір

Амандасып, соңғы келген қыз жуынып болғанша, екеуі үстел жайып, шәй құйып жүрді. Үстел басына отырған соң, Айс Шайынға қарап:

- Балалар қалай? Мамаң қалай?

- Жақсы, аман-есен. Айтпақшы, бүгін Әлинұр менің атымды атады ғой!!

- Қооойш, кәмдей Жарқын деді ма?

- Иә, шын айтамын, "Жарқын деші, Жарқын деші" деп артынан қалмай қойғам, ол қырсығып айтпай қойды. Сосын тамағын беріп, киімін ауыстырып, далаға шыққалы жатқан ек, "Жарқын" дид біреу! Таңғалып қалғам ғой... "Аау" десем "Жарқын" деп тағы айтты, приикиньтее!

- Ой, адам болатын бала -ау!

- Қойш, тура Жарқын демеген шығар, Жаркын деген шығар

- Жоқ дим, кәм Жарқын деді.

-  Айттым ғой саған, Шайын қадалған жерден қан алады, тіпті 2-дегі баланы сөйлетіп қойғанын,- деп Айс Рафты түртіп, сықылықтап күлді.

- Ааайс, таяқ жисіің,- деп тізесінен тартып қалды. Осы кезде сыртқы есік ашылып, жабылды.

"Кім келді?" деп қыздар бір-біріне қарап қалды. Айс орнынан тұрып: Бахтияр сен бе?

- Жоқ, бұл мен ғой,- деген әйелдің дауысы шықты.

- Мам?

2
0
297

Осы тақырып бойынша

Ғашық көзбен - Yvision.kz