Мазмұнға өту

Жаңа

Сайлаушылармен кездесті

Бүгін «Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар ZOOM-конференциясын өткізді. Сайлаушылармен онлайн-кездесуге В.Аваргин, А.Шавдирова, С.Садвакасов, М.Мухамеджанова қатысты.

Кандидаттар конференция қатысушыларын партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, сұрақтарына жауап берді.

Филиал бағдарламасына енген «Қауіпсіз қала» бағдарламасы аясында: қоғамдық көмекшілердің санын 1,5 мың адамға дейін ұлғайту, Жергілікті полиция қызметінің (ЖПҚ) қызметкерлерін алып жүретін бейнетіркегіштермен, қызметтік автомашиналармен 100% қамтамасыз ету, 2025 жылға қарай полицияның учаскелік пункттеріне online режимінде сурет шығаратын бейнекамераларды орнату, 25 учаскелік полиция бекетіне жөндеу жұмыстарын жүргізу, Тұрғын аудандарды (тротуарларды, аула аумақтарын) жарықтандыруды қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәселелері бойынша әлеуметтік жарнама, арнайы теле бағдарламалар өткізу және есірткіні, психотроптық заттарды тарату және пайдалану фактілерін анықтау бойынша рейдтер ұйымдастыру жоспарланған.

«Nur Otan» партиясы Екібастұз қалалық сайлауалды штабының баспасөз қызметі.

0
0
127

Ұлтаралық келісім — тұрақтылықтың негізі

Бүгін Достық Үйі этномәдени орталықтарының (Қазақстан халқы Ассамблеясы) белсенділері  «Ұлтаралық келісім — тұрақтылықтың негізі» онлайн-марафонын өткізуде.

Марафон барысында «Nur Otan» партиясының  «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының презентациясы жасалды.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, 2025 жылға дейін жоспарланған бағдарламада елдің әлеуметтік ілгерілеуіне және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты әрі тиімді шаралар ұсынылады.

Партияның сайлауалды бағдарламасы 4 тараудан тұрады. Олар: баршаға тең мүмкіндік беру, зияткер, дені сау және ұқыпты ұлт қалыптастыру, тұрақты экономика, есеп беретін мемлекет пен жауапты азаматтар.

Екібастұз қалалық сайлауалды штабының баспасөз қызметі.

0
0
183

16 - желтоқсан Тәуелсіздік күні

1991 жылғы 16 желтоқсанда президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге 29 жыл толды.Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай.

0
0
137

Кандидаттар ұстаздармен кездесті

Мәселен бүгін, 15 желтоқсан күні Қуаныш Исмагулов, Әсел Қаржауова, Бақыткүл Тиышбаева, Әділбек Идиятов, Айбол Долдашев, Бауыржан Жүсіпов «Білім» бастауыш партия ұйымы және  білім саласының өкілдерімен кездесті.

Алдымен үміткерлер ауданнның сайлауалды бағдарламасындағы білім беру саласына жасалатын жағдайларға тоқталды.

Сондай-ақ, «Nur Otan»  партиясы ұсынып отырған басты басымдылықтар туралы айтып, партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттады.

Кандидаттар 10 қаңтар күні өтетін сайлауда еліміздегі беделді партия-"Nur Otan" партиясын қолдауға шақырды.

0
0
136

Тұрғындармен кездесті

"Nur  Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында  аудандық қоғамдық штаб мүшесі С.Жардемалиев Көпжасар ауылының  тұрғындарымен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу бойынша кездесу өткізді.

1
0
130

Түйінді сауалға, тұшымды жауап алды

Қызылорда облысында «Nur Otan» партиясы атынан облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына үміктерлер Сырдария ауданы, Шаған ауылындағы «Шаған Жер» ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында «Nur Otan» партияның "Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір" атты бағдарламасын таныстырып, даму жолына бағытталған ең басты бағыттарды атап айтты.

Облыстық мәслихат депутаттығын үміткер Расул Есенов алдағы кезеңде өңірде жаңа озық технологияларды енгізу және ауыл шаруашылығын заманауи жабдықтармен және өнімділігі жоғары техникамен жарақтандыру жұмыстарын жалғастыру үшін «Nur Otan» партиясы 87 инвестициялық жобаны іске асыруды көздеп отырғандығын айтты.

Аудандық мәслихат депутатығына үміктер Еркебұлан Жақып Сырдария өзенінің Күміскеткен учаскесінде су қоймасының құрылысы, Қараөзек арнасында су қоймасының құрылысы, жайылымдық мал шаруашылығын дамыту міндеттері алға қойылды. Осындай ел иглігіне бағытталған жобаларды жүзеге асыру үшін Сіздердің қолдауларының біз үшін аса маңызды,- деді өз сөзінде.

Несібесін қара жерден тауып отырған серіктестік өкілдері  партия бастамаларын ерекше ықыласпен қабыл алып, бір ауыздан қолдайтындықтарын жеткізді.

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Сайлау-2021

0
1
1736

Тұрғындармен кездесті

14-желтоқсан күні Қызылоба ауылдық округінде аудандық мәслихат депутаттығына кандидат  Б.Х.Жағыпаров «Есіктен есікке» акциясы аясында алдағы 10 қаңтардағы  мәжіліс,  облыс және  аудандық мәслихат депутаттарының сайлауына қатысуға және «Nur Otan» партиясын қолдауға шақыру және үгіт насихат  материалдарын таныстыру мақсатында тұрғындармен кездесті.

1
0
160

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер Жаңақалаға келді

Қыркүйек айынан басталған партияішілік сайлаудан оқ бойы озып, үздіктер қатарынан көрінген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер 3 кандидат – облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар, М.Өтемісов атындағы БҚУ-нің доценті, тарихшы Жаңабек Жақсығалиев, Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық аурухана меңгерушісі Сәбира Сүндетова 11-желтоқсанда Жаңақалаға іссапармен келген еді. Іссапардың негізгі мақсаты – 2021-жылдың 10-қаңтары күні өтетін ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы туралы ақпараттар беру және сайлауалды бағдарламаларын таныстыру еді. Біздің ауданға ат басын бұрған «Nur Otan» партиясының үміткерлері ең алдымен Қызылоба ауылында болып, ел-жұртпен кездесті. Алдағы бес жылға арналған сайлауалды бағдарламаларын таныстыра отырып, бірқатар мәселелердің шешілу жолдарын атқарушы билікке жеткізетіндіктерін айтып, жиналған жұртшылықтың сұрақтарына жауап берді.  Одан кейінгі кездесу аудан орталығында жалғасын тауып, аудан халқымен жүздесті. Бағдарламаға сай жоспарларымен бөліскен кандидаттар ауыл өміріне қатысты келелі мәселелерге тоқталып, шешімі табу үшін жұмыстанатындарын тілге тиек етті. Сонымен қатар, еліміздің басты партиясының халық үшін тиімді бірқатар бағдарламаларын айтып, партиямен бірге болуға шақырды. Артынша аудан орталығында орналасқан «Қуан» сауда орталығы мен аудандық ауруханаға арнайы барып, ауыл халқымен кездесу барысында пандемия кезіндегі хал-ахуал жайын сұрады. Денсаулық жайын сұрасқан диалогтан кейін бағдарламамен таныстырып, алдағы өтетін сайлау кезінде басты партияны қолдауға үндеді. Аудан орталығынан соң Мәжіліс депутаттығына үміткерлер Жаңақазан ауылына аттанды. Мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен жүздесіп, сайлау туралы ақпараттар беріп, бағдарламаларын жан-жақты таныстырды. Еліміздің басты партиясының халық үшін жасап жатқан, алдағы күнде атқаратын істерін айта келе, партияны қолдап, дауыс беруге шақырды. Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген үміткерлерге «Nur Otan» партиясы Жаңақала филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Аманғалиұлы сәтті сапар мен ақ жол тіледі.


1
0
232

Қабылдау кестесі шықты

Құрметті аудан тұрғындары!

⠀

"Nur Otan" партиясы Жаңақала аудандық филиалы құрамындағы аудандық партиялық тізімдегі кандидаттар алдағы уақытта әлеуметтік желілерде онлайн таныстырулар өткізеді.

Биылғы жылдың 11-желтоқсанынан бастап 2021-жылдың 8-қаңтары аралығында аудандық партиялық тізімдегі кандидаттар аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде ауыл тұрғындарын қабылдайтынын қаперіңізге береміз. Кандидаттардың аудандық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдау кестесі төмендегіше.

1
0
173

"Есіктен есікке" акциясын өткізді

13-желтоқсан күні облыстық мәслихат депутаттығына үміткер кандидаттар  - Досмухамбетов  Алихан мен Ермекқалиев Алтынбек және Жаңақала ауданының белсенді жастары  Көпжасар ауылының тұрғындарымен "Есіктен есікке" акциясын өткізді.  Акция мақсаты - сайлаушыларды тікелей байланысқа тарту және үгіт  материалдары арқылы үгіт-насихат жүргізу. Үміткерлер сайлаушыларды  сайлау өтетін күні сайлау учаскелерінің орналасқан жерімен  ақпараттандырды, сондай-ақ сайлаушыларды толғандыратын мәселелер туралы  ақпарат жинақтады.

1
0
167