Партия қатарына қабылдау
Екібастұзда Тәуелсіздік күні қарсаңында Nur Otan партиясына жаңа мүшелерді қабылдау салтанатты шарасы өтті.
Партиялық билеттерді жаңадан қабылданған 10 адамға ЕҚФ төрағасының бірінші орынбасары Нияз Макраев табыстады.
- Nur Otan-ға мүше бола отырып, сіздер еліміздегі жетекші саяси күшке ие, қуатты партияның бөлігі боласыздар, — деді Н.Макраев. — Өздеріңіз білесіздер, 2021 жылдың 10 қаңтарында Қазақстан Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. Партияның XX-шы съезінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай, «Партия қоғамнан келіп түскен ұсыныстарды ескерді. Біздің бағдарламаны бүкіл ел дайындады деп айтуға болады!».
Жиын қатысушыларын салтанатты қабылдаумен партия ардагері Нелли Лихолетова мен Екібастұз ГРЭС-2 станциясы Бастауыш партия ұйымының өкілі, партия белсендісі Наталья Плахина құттықтады.
Екібастұз қалалық сайлауалды штабының баспасөз қызметі.
