«Ауыл-аймақтарды жұмыспен қамту» онлайн-акциясы басталды
Екібастұзда «Ауыл-аймақтарды жұмыспен қамту» онлайн-акциясы басталды. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының аясына микрокредиттерді рәсімдеу туралы ақпараттандырып, жас кәсіпкерлерге кеңес беруде.
ZOOM-конференцияның қатысушыларын «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының ЕФ төрағасы Медият Мусанап палатаның жұмысы туралы айтып, қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.
— «Атамекен» ҰКП басты міндеті – бизнестің заңнамалық және өзге нормативтік ережелерін қалыптастыру процесіне барлық кәсіпкерлердің қатыстырылу және кең ауқымды қамтамасыз ету және бизнес мүдделерін және құқықтарын қорғау болып табылады. Ұлттық палатаның қызметі елдегі ұлттық, сондай-ақ шетелдік инвесторлар үшін бизнесті жүргізу шарттарын дамыту, тұрақтылық, инвестициялық, ресми климатты жақсартуға бағытталған, — деді М.Мұсанап.
Екібастұз қалалық сайлауалды штабының баспасөз қызметі.
