Ғашық көзбен
Автобус әдеттегідей лық толмаса да,біршама кісі бар. Универге қайта барғысы келмей,өз-өзіне жыны келіп,кішкене қобалжып қыз тұр. Бір жағынан оның не кінәсі бар? Бәрін жоспарлау мүмкін емес,болжап білудің де пайдасы жоқ. Онда қобалжып не керек? Сол ойдан босай бере, қыз бағанадан бері өзінен көз алмай тұрған жігітке көз салды. Қырымен ғана көзінің... Қазір қалада көп ер азаматтар киіп жүрген үлгідегі ақ жағалы қысқа күртеше киген, бірақ бұнікі қызға ерекше боп көрінді. Құлағында airpod,қыста күн жылынса бірден шешінетін қарағандылықтардың әдетімен бас киімі де жоқ. Сәл сопақшалау ықшам келбетті, ашық өңді,бір ер жүзді екен. Көздері шоқ секілді, мейірімді отпен жанып тұр. Бағана автобусқа мінген уақытта екеуі бір-бірлеріне қарап, сәл ойланып, есеңгіреп қалып еді. Секунд емес минуттар өткенд…