Тәуелсіздік құрдасы
Тәуелсіздіктің құрдасы Бауыржан Қасымов болашақта кім болатынын бала кезінен білген екен. Кеншілер мен энергетиктердің қаласы — Екібастұзда туып-өскен ол кенші болуды армандаған. Қазіргі кезде Бауыржан «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ «Шығыс» кенішінде жабдықтарға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі электрослесарь болып жұмыс істейді.
Бүгін Бауыржан онлайн форматта қала жастарымен кездесіп, өзінің мамандығы мен қызығушылықтары туралы баяндады. Көрермендердің сұрақтарына жауап бере отырып, ол тәуелсіз елдің құрдасы болғанын мақтанышпен жеткізді.
— Мен қазақ даласында дүниеге келдім, ашық аспан астында, бейбіт елде өмір сүріп жатырмын, — деді Бауыран Қасымов. — Мыңдаған жылдар бойы ата-бабамыз армандап, күресіп өткен кең байтақ жеріміз бен тәуелсіздігіміздің баға жетпес қадірін жақсы білемін.
Екібастұз қалалық сайлауалды Штабының баспасөз қызметі.
