Екібастұзда «Nur Otan» партиясының сайлауалды штабында Қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмысын жалғастыруда. Бүгін қала тұрғындарының жеке мәселесі бойынша қабылдауды мәслихат депутаттығына кандидаттар Д.Сиваракша, Н.Макраев, Р.Маматжанов, А.Амургалинов және оның сенімді өкілі Т.Көпбаев, мәслихат депутаттығына кандидат Т.Шмидтың сенімді өкілі С.Рамазанов өткізді.
Сұрақтардың басым бөлігі коммуналдық-шаруашылық мәселелері мен білім беру, денсаулық сақтау тақырыптарын қамтыды. Онлайн-кездесу барысында қала тұрғындарының өтініштері мен ұсыныстары тыңдалды.
Естеріңізге сала кетейік, күнделікті сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін облыстық және қалалық мәслихатқа депутаттыққа үміткерлер және олардың сенімді өкілдері азаматтардың ұсыныстары мен өтініштері бойынша WhatsApp желісі арқылы онлайн қабылдау жүргізеді.
Сұрақтарыңыз бен өтініштеріңізді алдын-ала 8 771 613 10 94 нөміріне жолдауларыңызға болады.