Мазмұнға өту

Жаңа

Алдағы күндері елде ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Фото: Tengrinews.kz-

Ондағылардың айтуынша, Қазақстан солтүстік-батыс циклонының әсерінде болады. Соның нәтижесінде жауын-шашын көбейейін деп тұр.

«Солтүстік аймақтарда қар, оңтүстік аймақтарда жаңбыр мен ылғалды қар болады, сондай-ақ бұрқасын күшейеді. Таулы жерлерде қатты қар жауып, көктайғақ пен тұман болады деп күтілуде», – деп хабарлайды мамандар.

Бұл – алдағы үш күнге арналған болжам.

0
0
136

Вице-министр тауар немесе қызмет үшін аударым жасаудың тиімді тәсілін түсіндірді

Қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржановтың айтуынша, мобильді аударымды ұялы телефонға баланс арқылы қабылдау кейбір жеке кәсіпкерлердің ойлап тапқаны болуы мүмкін.

Фото: рixabay

«Әр клиент оның ұялы телефон нөмірін теруі керек, бұл ыңғайсыз. Клиент өзіне ыңғайлы төлем түрін таңдай алады. Өзім клиент ретінде баланс түрінде аударым жасамаймын, банк картасы немесе QR арқылы төлеймін. Оның үстіне банк картасы немесе QR арқылы жасалған төлемге кешбэк беріледі» - деді қаржы министрінің орынбасары.

0
0
135

Президент халықтың тұрмысын жақсарту үшін жаңа бағдарламаларды іске қосу қажеттігін айтты

Мемлекет басшысы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Байбазаровты қабылдады.Қасым-Жомарт Тоқаевқа холдингтің 2023 жылғы қызметінің нәтижесі, соның ішінде кәсіпкерлік пен агроөнеркәсіп кешеніне қолдау көрсету, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары жөнінде есеп берілді.Президентке былтыр холдинг активінің өсімі 12 пайыз болғаны туралы баяндалды. Компаниялар тобының инвестициялық және кредиттік портфелі 10 пайызға артқан. Ал таза табысы 7 пайызға жетіп, 400 миллиард теңгеден асқан.Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, экономиканың нақты секторын дамыту шеңберінде «Бәйтерек» ірі жобалар мен лизингтік мәмілелерді қаржыландыру көрсеткішін 24 пайызға, микро, шағын және орта бизнестегі жобаларды қаржыландыру жоспарын 42 пайызға асыра орындады. Қазақстанның Даму банк…

0
0
146

Көкшетауда ағзасын сатпақ болған адам ұсталды

Ағза донорлығы туралы айтып болғанымыз сол еді, мынадай ақпарат тарады. Полиция адам ағзасын сатудың жолын кескен. Қазақстандық өзінің бүйрегін 18 мың АҚШ долларына бағалап, кездейсоқ сатып алушыға интернет арқылы сатуға тырысқан. Автор желі қолданушыларына өз мүшесін сатуды ұсынды, ал алу операциясы туралы барлық келісімдерді қабылдаушы ұйымдастыруы керек еді. Әлеуметтік желідегі ерекше хабарландыруға Ақмола облысының ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері назар аударып, донормен байланысқа шықты. Бірнеше апта бойы полицейлер арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, нәтижесінде трансплантация жасау және ақша қаражатын беру туралы мәміле жасалды. Көкшетау қаласында ҰҚҚКБ қызметкерлері, ақша беру кезінде күдіктіні ұстады. Алғашқы тергеу әрекеттері аясында полиц…

0
0
150

Өлгеннен кейінгі донорлыққа қатысты...

Осы тақырып соңғы кездері қатты талқылана бастады. Ауырған адамға өмір сыйлау сауапты іс дегеніміз дұрыс шығар. Бірақ сұрақ та баршылық.

Фото: time.kz

Жақында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният өзі бастап қайтыс болған соң сау ағзасын беретінін мәлімдеді. Одан кейін бұрынғы оқу-ағарту министрі, қазіргі Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов те осы мағынадағы ойын айтты. Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев те бұрыннан қолдап жүр.

Ал қарсы сұрақ қарапайым тұрғындар тарапынан туындап отыр. Олар бұл істі дәрігерлердің адал атқаратына сенбейді.

Өлген адамның ағзасы біреуге донор бола алмайды деген сөз рас па?

Ертең жаппай келісім беру басталса, сол үшін бір жері ауырған адамды өлтіре салу басталмай ма?

0
0
237

Алматылық қыз АҚШ-та жыл моделі атанды

"Бүгінгі күннің кейіпкері – алматылық Кристина Менисова! Ол АҚШ-та ұлттық деңгейдегі марапатқа ие болды! Ол әлеуметтік желілерде жылдың үздік моделі болып таңдалды!

Біз сізге Кристина туралы 2022 жылы айтқан болатынбыз, сонымен қатар біздің YouTube арнамызда онымен қысқаша сұхбат бар. Өйткені ол АҚШ-тың Майами қаласында өткен «Әлем аруы» халықаралық байқауында бас жүлдені жеңіп алды", - деп жазды alga.peterburg Instagram-парақшасы.

0
0
193

Мемлекет басшысына ел мұнайының экспорттық бағыттарын дамыту ісі жөнінде баяндалды

Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның 2023 жылғы операциялық және қаржылық қызметінің қорытындысы туралы есеп берілді.Берілген мәліметтерге сәйкес, былтыр «ҚазМұнайГаз» 2022 жылмен салыстырғанда негізгі өндірістік көрсеткіштер бойынша өсімге қол жеткізген.Президентке Қазақстан мұнайының экспорттық бағыттарын дамыту ісі жөнінде баяндалды. Атап айтқанда, Германияға және Әзербайжан бағытына «Баку – Тбилиси – Джейхан» мұнай құбыры арқылы шикізат жеткізіле бастады. Сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктеріндегі серіктестермен бірлесіп, танкер флотын кеңейту жұмыстары жүргізілді.Мемлекет басшысына тауарлық газ өндірісін арттыру және ішкі нарыққа мұнай өнімдерін үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ инвестиция тарту, мұнай-газ химиясы жобаларын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы жайын…

0
0
171

Министр уақыт осы ауысқан күйі қалатынын айтты

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев елімізде уақыт белдеуін бірыңғай жүйеге ауыстыруға наразылықтар жайында пікір білдірді. Оның айтуынша, бұған көшу қосымша шығындарды қажет етпейді.Фото: primeminister.kz-Журналистер Мәжіліске келген Шаққалиевке шығысқазақстандықтардың ел бойынша бірыңғай уақытқа көшуге наразылық білдіріп жатқаны жайлы мәселені жеткізді. Бұған министр қабылданған қаулының енді өзгертілмейтінін айтты.«Бірінші наурыздан бастап бәріміз бір уақыт белдеуінде боламыз. Шығыс Қазақстан облысындағы азаматтарымыздың мәлімдемелері мен ұстанымдарына келер болсақ, жақында барлық аудандарда, елді мекендерде пікірін жариялаған тұрғындармен кездестік. Атап айтқанда, дәлелді базасы бар ғалымдар тобы нақты деректерге сүйеніп, бірыңғай уақыт белдеуіне көшу қажет екенін түсіндірд…

0
0
267

Министр сегізінші сынып оқушысының зорлануына қатысты пікір білдірді

Еліміздің ішкі істер министрі Ержан Сәденов Астанадағы оқушы қыздың зорлануына қатысты пікірін білдірді.

Фото: bizmedia.kz-

Сәденов осындай жағдай болғанына қынжылатынын жеткізді.

«Біз оларды анықтадық. Олар да кәмелет жасына толмағандар. Қазір қылмыстық іс жүргізіліп жатыр. Кәмелет жасына толмаған 4 бала ұсталды», – деді министр.

Айта кетейік, Астанада мектеп оқушыларының сегізінші сыныпта оқитын қызды жабылып зорлағаны туралы алдыңғы күні мәлім болған еді.

0
0
234

Еліміздің жанармай құю бекеттерінде бензиннің сапасы қандай?

Жақында "Бекамен Көлік Жөндеу" ютуб-арнасының жүргізушісі Алматының сегіз жанар-жағармай бекетіндегі бензин сапасын тексерген. Олар: Газпромнефть, Royal Petrol, Asia Petrol, Sinoil, Helios, Gas energy, V-Oil және Qazaq-Oil.

"Тексеру үшін мен ОКТИС 2 аппаратын қолдандым - бензиннің октан санын тексеру үшін сертификатталған құрылғы", - деп жазыпты ютуб-арна жүргізушісі.

Ал тексерудің нәтижелері қалай болғанын төмендегі сілтемені басып көрсеңіздер болады (видео бұл сайтта көрсетілмейді, ютубтың өзіне кіру керек):

0
0
186