Министр сегізінші сынып оқушысының зорлануына қатысты пікір білдірді
Еліміздің ішкі істер министрі Ержан Сәденов Астанадағы оқушы қыздың зорлануына қатысты пікірін білдірді.

Фото: bizmedia.kz-
Сәденов осындай жағдай болғанына қынжылатынын жеткізді.
«Біз оларды анықтадық. Олар да кәмелет жасына толмағандар. Қазір қылмыстық іс жүргізіліп жатыр. Кәмелет жасына толмаған 4 бала ұсталды», – деді министр.
Айта кетейік, Астанада мектеп оқушыларының сегізінші сыныпта оқитын қызды жабылып зорлағаны туралы алдыңғы күні мәлім болған еді.
