Мазмұнға өту

Жаңа

Елімізде педофилдерді өмір бойына түрмеге қамауды қарастыратын заң жобасы қарала бастады

«Кейбір заңнамалық актілерге әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мәжілістің қарауына келіп түсті. Депутат Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, бұл заң жобасы мәжілісмендердің бастамасымен әзірленген.Фото: krichevlive.by-«Жоба Мемлекет басшысының отбасындағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату тапсырмасына толығымен сәйкес келеді. Заң жобасында тиісті негізгі нормаларды ұсынып отырмыз. Біріншіден, ұрып-соғуды және денсаулыққа жеңіл зиян келтіруді қазіргі әкімшілік жауапкершіліктен қылмыстық жауапкершілікке жатқызу және де жазасын әлдеқайда қатаңдату ескерілген. Екіншіден, жәбірленушінің өтінішін күтпей-ақ зорлық-зомбылық туралы БАҚ немесе онлайн платформалардағы ақпарат негізінде тиі…

0
0
211

Ветеринариялық зертханалар дәлдігі жоғары құрылғылармен жабдықталады

Үкімет еліміздің ветеринариялық қызметін күшейтуге өз резервінен 3,8 млрд теңге бөлді. Фото: rvl.kzҚаражат ветеринариялық зертханаларды дәлдігі жоғары құрылғымен – халықаралық ұсынымдар және Codex Alimentarius ережелері мен талаптарына сай келетін сұйық хроматографпен жабдықтауға бағытталады. Бұл ветеринария саласында дәл және нақты зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беріп, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Тиімділігі жоғары сұйық хроматограф тағам өнімдеріндегі зиянды заттардың болмашы іздерін анықтауға мүмкіндік береді. Оны қолдану халықтың денсаулығын тағам арқылы таралатын қауіпті аурулардан қорғауға елеулі үлес қосады. Сонымен қатар жаңа құрылғы бүгінде әлемдегі ондаған елге тауарларын экспорттап жүрген қазақстандық өндірушілерге сыртқы нарықтың қатаң талаптарына сәйкес бо…

0
0
288

Биыл үкімет шегірткемен күреске 4 млрд теңгеге жуық қаржы бөлді

Үкімет биыл шегірткенің жаппай таралып кетуінің алдын алу үшін тиісті шаралар қабылдауда. Бұл мақсатқа қосымша 4 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. Премьер-министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды.Атап айтқанда, үкімет резервінен үйірлі шегірткелердің жаппай таралуының алдын алуға, жайылымдарға зиянын тигізбеуге, ауыл шаруашылығы дақылдарын жоюына, сондай-ақ көрші мемлекеттердің іргелес аумақтарына көшуіне жол бермеу үшін олардың таралуы мүмкін барлық болжамды алаңда толық көлемді химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу бойынша шұғыл шығындарға 3,9 млрд теңге бөлінді.Елімізде соңғы жылдары үйірлі шегірткелердің таралу алаңының ұлғайғаны байқалады: 2020 жылы – 514 мың га, 2021 жылы – 626 мың га, 2022 жылы – 975 мың га. 2023 жылы таралу алаңы 1 585 мың га болады деп болжанғанымен, іс жүзі…

0
0
190

Шымкентте полицейлер 1000-нан астам баспанаға тексеру жүргізді

Шымкент полицейлері мыңнан астам пәтер мен жеке үйге тексеріс жүргізді. Олардың әрқайсысында 20-дан астам адам тіркелген.

Көші-қон қызметінің инспекторлары 28991 азамат тіркелген 1098 пәтер мен жеке үйді тексерді. Оның ішінде тек 9102-і өз тіркелген мекенжайында тұрады. Бүгінгі таңда 10005 тұрғын бөтеннің үйінен тіркеуден шығарылды.

Рейдтер барысында ӘҚБтК-нің 493-бабы бойынша 173 тұрғынжай иесі меншігінде нақты тұрмайтын тұлғалардың тіркелуіне жол бергені үшін жауапқа тартылды.

Сонымен қатар тұрғылықты жерінде тіркеусіз тұрған 716 тұлға анықталды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы бойынша хаттамалар толтырылды.

0
0
199

150 мың теңгеге ішіп-жеп, қашып кеткен

Екі ер адам дәмханада 150 мың теңгеге ішіп-жеп, төлемей қашып кетіпті.

"Осыны жариялаңыздаршы. Ақысын менен алды. Отбасымды асырау үшін күні-түні жұмыс істеймін. Осы азаматтарды табуға көмектесіңіздерші", - деп жазылған 100baksoff Instagram-парақшасында.

https://www.instagram.com/p/C2ua0lLtlPH/

0
0
237

Антикор қауіпті өңірлердегі дабыл қағу жүйесін тексеруге кірісті

Антикор сейсмикалық қауіпті өңірлерде дабыл қағу жүйесіне жұмсалатын шығындардың негізділігін зерделеуге кірісті.Антикор төрағасы Асхат Жұмағали Мемлекет басшысының жер сілкінісі туралы хабарлау жүйесіндегі жағдайды зерделеу туралы тапсырмасын іске асыру бойынша құрылымдық және аумақтық департаменттің басшыларымен жедел кеңес өткізді. Ел Президенті Алматы қаласындағы сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңес барысында Бас прокуратурамен бірлесіп бюджет қаражатының қайда жұмсалғанын анықтауды тапсырды. Осыған байланысты Агенттік қызметкерлерінің арнайы тобы шығыстардың негізділігін, мемлекеттік сатып алуды жүргізудің заңдылығын зерделеуге кірісті. Антикордың аймақтық департаменті тиісті аудиторлық тексеруге бастамашы болды. Бұдан басқа, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның төра…

0
0
268

Елордада қызылша дертін жұқтыру дерегі ересектер арасында да көбейіп жатыр

Астанада ересек адамдар арасында қызылша дертін жұқтыру дерегі 71 жағдайға дейін көбейген. Бұл туралы елорданың Бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова хабарлады.Фото: vlast.kz-Бейсенова Астанада қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз деп бағаланып отырғанын айтты. Осы аптада тәулігіне 48-ге жуық жағдай тіркелді.«Қаңтар айының басынан бері елордада қызылшаның 1 029 бастапқы және 321 расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 227 жұқтыру жағдайы бар. Науқастардың 68%-дан астамы – бұрын қызылшаға қарсы екпе алмағандар, бұл инфекцияның елордада таралуына әкелді», - деді Астананың бас санитар дәрігері.Соңғы аптада қызылша ауруының көрсеткіші алдыңғы аптамен салыстырғанда 1,1 есеге өсті. Өткен жаңа жылдық мереке кезінде әлеуметтік қарым-қаты…

0
0
271

Екі қалада бопсалаушылар полицияның құрығына ілінді

ІІМ қызметкерлері Шымкент және Павлодар қалаларында жас бопсалаушыларды ұстады. Полицияда жастар арасында, оның ішінде кәмелетке толмағандар арасында криминалитет және “ұры” идеологиясы ықпалына жол бермеу жөніндегі кешенді шаралар қабылданып жатыр. 23 қаңтарда Шымкент және Павлодар қалаларында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында бопсалауларға, тонауларға, алаяқтықтарға, бас бостандығынан заңсыз айыруға қатысы бар екі жастар тобы ұсталды. Павлодар облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел әшкерелеу орбитасында 18 жастан 23 жасқа дейінгі аралықтағы бес жас жергілікті тұрғыннан құралған топ болды. "Күдікті адамдар криминалдық идеологияның ықпалымен өздерінің құрдастарын оқу орындары мен жатақханаларда, сондай-ақ сауда ойын-сауық орталықтарынд…

0
0
241

Оқушы жасанды интеллектіні қазақша сөйлетті

Қызылордалық 16 жасар Асылжан Абдуллаев жасанды интеллектіні қазақша сөйлетті. Жас өнертапқыш жаңашыл жобасына QazaqGPT деп ат қойыпты.

Аталған жоба OAI архитектурасы негізінде жасалған. Бұйрық берсеңіз сурет салады, дыбыстама жасайды және кез келген мәтінді жазып, есеп шығарады. Оның жобасы америкалық прототиптерге қарағанда ауқымдырақ. Қазірдің өзінде 2000-нан аса адам пайдаланып көрген.

«Арнайы қосымшаны наурыз айына дейін іске асырамыз. Себебі серверлер жоғалып кетпейді. Америкада өтетін байқауға өтінім жібердік. Іріктеу сынынан өтіп, жартылай финалға жолдама алдық», — дейді Асылжан.

kaz.inform.kz-

0
0
224

РУЗА АПАЙ БОСТАНДЫҚҚА ШЫҚТЫ!

Қазақ тілін қорғаған Рузаны ел де қорғап қалды!Айдың-күннің аманында аймаңдай Руза апайымызды жоғалтып алып, төтенше жағдайда өткен күндеріміз де артта қалды. Қазақ тілінің қорғаны Руза апайымыз ортамызға оралды.Кешегі бір күніміз бен түніміз биліктегі жауапты тұлғалармен сөйлесуге кетті. Кереку өңірі басшыларымен де сөзіміз аз болған жоқ...Ақыры, әділеттілік орнады. Қазақтың қайсар қызы, Қазақ тілінің жанкешті күрескері Руза Бейсенбайтегі апайымыз бүгін бостандыққа шықты!Қазақ тілі бостандыққа шықты десек те болады!Руза апаймен сөйлестік, көңіл-күйі дұрыс. Қазір үйінде. Елге рахмет айтуда. Қасында Керекулік ұлтшыл азаматтар Серік Елікбай мен Медет бар.Тал түсте төбемізден жай түскендей болған жайсыз оқиғаның жақсылықпен аяқталуына өз үлестерін қосқан қалың елдің қайратына ризамын. Қиынды…

0
0
316