Вице-министр тауар немесе қызмет үшін аударым жасаудың тиімді тәсілін түсіндірді
Қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржановтың айтуынша, мобильді аударымды ұялы телефонға баланс арқылы қабылдау кейбір жеке кәсіпкерлердің ойлап тапқаны болуы мүмкін.

Фото: рixabay
«Әр клиент оның ұялы телефон нөмірін теруі керек, бұл ыңғайсыз. Клиент өзіне ыңғайлы төлем түрін таңдай алады. Өзім клиент ретінде баланс түрінде аударым жасамаймын, банк картасы немесе QR арқылы төлеймін. Оның үстіне банк картасы немесе QR арқылы жасалған төлемге кешбэк беріледі» - деді қаржы министрінің орынбасары.
