Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Министр уақыт осы ауысқан күйі қалатынын айтты

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев елімізде уақыт белдеуін бірыңғай жүйеге ауыстыруға наразылықтар жайында пікір білдірді. Оның айтуынша, бұған көшу қосымша шығындарды қажет етпейді.

Фото: primeminister.kz-

Журналистер Мәжіліске келген Шаққалиевке шығысқазақстандықтардың ел бойынша бірыңғай уақытқа көшуге наразылық білдіріп жатқаны жайлы мәселені жеткізді. Бұған министр қабылданған қаулының енді өзгертілмейтінін айтты.

«Бірінші наурыздан бастап бәріміз бір уақыт белдеуінде боламыз. Шығыс Қазақстан облысындағы азаматтарымыздың мәлімдемелері мен ұстанымдарына келер болсақ, жақында барлық аудандарда, елді мекендерде пікірін жариялаған тұрғындармен кездестік. Атап айтқанда, дәлелді базасы бар ғалымдар тобы нақты деректерге сүйеніп, бірыңғай уақыт белдеуіне көшу қажет екенін түсіндірді», - деді Арман Шаққалиев.

0
0
242

Осы тақырып бойынша