Өлгеннен кейінгі донорлыққа қатысты...
Осы тақырып соңғы кездері қатты талқылана бастады. Ауырған адамға өмір сыйлау сауапты іс дегеніміз дұрыс шығар. Бірақ сұрақ та баршылық.

Фото: time.kz
Жақында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният өзі бастап қайтыс болған соң сау ағзасын беретінін мәлімдеді. Одан кейін бұрынғы оқу-ағарту министрі, қазіргі Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов те осы мағынадағы ойын айтты. Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев те бұрыннан қолдап жүр.
Ал қарсы сұрақ қарапайым тұрғындар тарапынан туындап отыр. Олар бұл істі дәрігерлердің адал атқаратына сенбейді.
Өлген адамның ағзасы біреуге донор бола алмайды деген сөз рас па?
Ертең жаппай келісім беру басталса, сол үшін бір жері ауырған адамды өлтіре салу басталмай ма?
