Мазмұнға өту

Жаңа

«Майқайыңалтындағы» апаттан қаза тапқан құтқарушының қызы шағым айтты

Әлеуметтік желіде видео арқылы сөйлеген Олег Тышкевичтің қызының айтуынша, әкесі өзінің сүйікті жұмысында 27 жыл қызмет атқарған. Яғни ол кәсіби әскерилендірілген апаттан құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының Павлодар филиалында құтқарушы болып соншама жыл жұмыс істепті.Апаттан кейін «Майқайыңалтын» АҚ мен аталған штабы басшылығының қаза тапқандардың отбасыларына 4,5 миллион теңгеден берілетіні айтылған еді. Бірақ Тышкевичтің қызы Яна Осолодкова сол көмек дұрыс берілмеді деп отыр.«Әкемді жерлеген соң бізді барлығы ұмытты. Ешкім хабарласпады. Берген телефон нөмірлері жауап бермейді. Уәде етілген 4,5 млн теңге берілген жоқ. Тек «Майқайыңалтын» кенішінен 2 млн теңге көмек бөлінді. Маған тегін қызмет көрсететін психологтың көмегі қажет еді, ол да ұсынылмады. Қазір қызмет құны 2…

0
0
148

Шымкентте миллиондаған қарызын төлеуден жалтарып жүрген жүргізуші "Қорғау" арқылы табылды

Шымкентте “Қорғау” көмегімен миллиондаған қарызын төлеуден жалтарып жүрген Lexus жүргізушісі анықталды. "Қорғау" мегаполис полицейлеріне құқық бұзушыларды анықтауға көмектесуді жалғастыруда. Мәселен, өткен дүйсенбіде бағдарлама Тәуке хан даңғылында борышкердің басқаруындағы автокөлік туралы ақпарат берді. Азаматтың 27 миллион теңге көлемінде берешегі бар болып шықты. ЖБО кезекшілері көлік құралын ұстауға патрульдік полиция инспекторларын бағыттады. Қала тұрғынына қарызды төлеу қажеттілігі туралы ескертілді, ал оның “темір тұлпары” айыппұл тұрағына қойылды.Айта кетейік, "Қорғау" қосымшасын қаланың тәртіп сақшылары 2022 жылдың сәуір айында қолдана бастады. Қосымша полицейлерге жалған нөмірлі, сақтандырусыз, іздестірудегі, төленбеген айыппұлдары бар көліктер туралы хабарлай алады. Сонымен қа…

0
0
200

Назарбаевтың тағы бір ескерткіші алып тасталды

Фотолар: Tengrinews.kz-

Астанадағы Ұлттық мұражайда қазір еліміздің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші қазір жоқ. Ол бұл жерден бірнеше күн бұрын алып тасталыпты.

Назарбаевтың ескерткіші елордадағыдағы Ұлттық мұражайға 2018 жылы шілдеде қойылған.

0
0
197

Елімізде Достық–Мойынты, Алматы станциясын айналып өтетін теміржол желісі салынып жатыр

Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевты қабылдады.Фото: primeminister.kz-Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компания қызметінің 2023 жылғы негізгі нәтижесі және алдағы кезеңге арналған жоспары туралы есеп берілді.Нұрлан Сауранбаевтың айтуынша, соңғы үш жылда «Қазақстан темір жолының» негізгі өндірістік көрсеткіштерінде өсім байқалады. Былтыр жүк айналымы 7 пайызға артып, 270 миллиард тонна-километрге жетті. Транзиттік тасымалдау көлемі 18 пайызға ұлғайып, 27 миллион тоннадан асты. Нәтижесінде компанияның кірісі өткен жылмен салыстырғанда 29,3 пайызға өсіп, 1,9 триллион теңгені құрады. Компания 154 миллиард теңге таза пайда тапты. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда төрт есе көп әрі компанияның рекордтық көрсеткіші саналады.Президентке Достық – Мойынты, Алм…

0
0
271

1 алтын, 2 қоланы қанағат тұттық

Канвондағы қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының соңғы жарыс күнінде спортшылар аралас командалық эстафетадан өзара мықтыны анықтады.

4×5 шақырымға жарысудан 24 команда бақ сынаған додада қазақстандықтар мәреге 16-болып келді. Бұл сында ел намысын Берік Боранбаев, Әубәкір Тотанов, Милана Мамедова мен Виолетта Митропольская қорғаған болатын.

Канвон Олимпиадасының соңғы жүлде жиынтығын Германия, Франция және Швейцария командалары бөлісті.

IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасын Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 қоламен аяқтап отыр.

Илья Мизерных шаңғымен тұғырдан секіруден тарихи алтын жүлдеге ие болса, шорт-трекші Полина Омельчук пен хоккейшілер қола медаль еншіледі.

Olympic.kz

0
0
236

"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы бойынша балаларға алғашқы төлем түсті

"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы бойынша БЖЗҚ-ға алғашқы нысаналы талаптар (18 жасқа дейінгі балаларға) есептелініп, нысаналы жинақтау шоттарына алғашқы нысаналы жинақтар (2024 жылы 18 жасқа толатын балаларға) түсті.2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап бағдарламаға 2023 жылдың соңындағы жағдай бойынша кәмелетке толмаған, Қазақстан азаматы болып есептелетін барлық балалар қатысушы ретінде тіркелді.Бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны - 6 919 131 бала (қоса алғанда, 01.01.2006ж. бастап 31.12.2023ж. дейін туылған балалар). Оның ішінде 304 815 қатысушы 2024 жылы 18 жасқа толады (қоса алғанда, 01.01.2006ж. бастап 31.12.2006ж. дейін туылған балалар).Олардың барлығына өткен жыл үшін Қазақстанның Ұлттық қорынан 100 АҚШ доллары және 52 центі мөлшерінде бірдей сома есептелді.Бұл тек алғашқы есепт…

0
0
212

Қазақстанда бүгін тұңғыш рет Азаматтық авиация қызметкерлерінің күні аталып өтіп жатыр

Биыл 1 ақпанда елімізде алғаш рет жаңа кәсіби мереке – Азаматтық авиация қызметкерлері күні аталып өтуде.

Фото: elements.envato.com-

«ҚР мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

Қазақстан Республикасының азаматтық авиация күні – 1 ақпан», - делінген Үкімет қаулысында.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің түсіндірмесіне сай, бұл мерекені бекіту бастамасын биыл ақпанда ҚР азаматтық авиация кәсіпорындарының бірлескен соғыс және еңбек ардагерлер кеңесі ұсынған.

0
0
181

ҰҚК Шекара қызметі өткен айдағы іс-қимыл нәтижелерін жариялады

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2024 жылғы қаңтарда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып, мынадай іс-шаралар атқарды:шекара кеңістігінде 2 776 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушылар ұсталды, соның ішінде:13 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін ұсталды;19 шетел азаматымен шекараны бұзу әрекеттерінің жолы кесілді.Мемлекеттік шекара арқылы 881 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды, соның ішінде:50 – есірткі заттарын, жалпы салмағы 3,3 кг;25 – ату қаруы мен оқ-дәрілер (15 дана ату және 1 451 дана суық қару, 101 дана оқ-дәрілер);47 – діни әдебиет (1 757 дана);281 – жалпы сомасы 9 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (37 600 литр);408 – жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеден астам халық тұтынатын тауарлар;70 – жалпы сомасы…

0
0
196

Бокстағы қазақстандық ең әдемі қыз қарсыласын нокаутқа түсірді

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (5-1, 2 КО) Бакуде (Әзербайжан) өткен кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсетті. 

Ол шаршы алаңда пәкістандық спортшы Рома Юсафпен (5-0-1, 2 КО) кездесті. Бұл жекпе-жек ең жеңіл салмақ дәрежесінде өтіп, сегіз раундқа жоспарланған.Боксшылар WIBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасты.

Жекпе-жекте Лукас қарсыласын бірінші раундта нокаутпен жеңді.

Осылайша, Ангелина Лукас кәсіпқой рингтегі алтыншы жеңісіне қол жеткізіп, бос тұрған WIBA белбеуін жеңіп алса, Рома Юсаф спорттық мансабында алғаш рет жеңіліп қалды.

Бұған дейін Лукас WBC International және UBO чемпиондық белдіктерін де жеңіп алған болатын.

inform.kz

0
0
228

Осындай видео көбейді. Рас деп ойлайсыз ба?

Әлеуметтік желіде әйелінің күйеуінің туған күніне сыйлық ретінде тоқал алып келгені туралы видео тарады.

Ал "тоқал" риза болып тортымен келіп тұр.

Жігіт "шын ба?" дейді. Ал әйелі мен келіп тұрған қыз "иә" дейді. Осыдан кейін жігіттің риза кейпі байқалады.

Желіде көп пікір жазылған. Енді өзіңіз бағамдап көріңіз.

https://www.instagram.com/p/C2w-uSusFze/

0
0
178