Мазмұнға өту

Жаңа

Үкіметтің жаңа құрамы

Кеше атқарушы билікте үлкен өзгеріс болғаны белгілі. Бүгін сол жаңа үкіметтің толық құрамымен таныстыра кеткенді жөн көрдік. @qazaqstantvОлжас Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалды және Үкімет мүшелерінің құрамы толық жасақталды. Мемлекет басшысының Жарлығымен: Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі лауазымына; Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына; Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына; Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы лауазымына: Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына; Тамара Босымбе…

0
0
263

Президент әкімшілігінің жаңа басшысы тағайындалды

Президент әкімшілігінің басшысы болып Айбек Дәдебаев тағайындалды.

"Айбек Арқабайұлы Дәдебаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын", - делінген Мемлекет басшысының жарлығында.

Осыған дейін бұл қызметті бүгін Премьер-министр болған Олжас Бектенов атқарған еді.

Ал Дәдебаев бұған дейін 2022 жылғы қарашадан бастап Президенттің іс басқарушысы болды.

0
0
241

Мәжіліс төрағасы коронавирусқа шалдығыпты

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов короновируспен ауырып жатыр екен.

Бүгін Қошанов Президент қатысқан Мәжілістің жалпы отырысында болмаған еді. Осындай маңызды жиынға білдей төрағаның келмей қалуы сұрақ тудырары хақ. Сөйтсек, ол коронавирус дертіне шалдығыпты.

Мұны "ҚазАқпарат" тілшісіне Мәжілістің баспасөз қызметіндегілер растаған.

0
0
172

Ескі үкіметтегілер түгел өз орындарында қала ма?

Премьер-министр тағайындалғаннан кейін оның орынбасарлары мен министрлерді де тағайындау басталып кетті. Және қазірден бастап өз орындарында қалып жатқандар бар.Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі лауазымына тағайындалды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды.Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Үкімет Аппаратының Басшысы лауазымына тағайындалды.Яғни олардың бәрі осыған дейінгі атқарып…

0
0
202

Президент үкіметтің жаңа қарқынмен жұмыс істеуі қажеттігін айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты.Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстанды озық елге айналдыру қажеттігін айтып, бұл жай ұран емес, нақты жоспар екенін атап өтті."Бізге керегі – дамудың сара жолы. Сондықтан түбегейлі саяси реформалар жүргізумен қатар, еліміздің қоғамдық-экономикалық өмірінде терең өзгерістер жасау үшін батыл шаралар қабылдауымыз қажет. Ең бастысы, біздің барлық іс-әрекетіміз «Әділетті Қазақстан» құру қағидатына сай болуға тиіс. Алдымен, еліміздің әлеуметтік-экономикалық саясатына жаңа серпін беру керек, яғни, экономиканың барлық саласын дамыту, ынталандыру жолдары мен алдағы міндеттерді қайта қарау қажет. Түптеп келгенде, мемлекет енді үздіксіз қолдау шараларынан нағыз сапалы дамуға қолғабыс ету ісіне түбегейлі көшуі керек. Бұл…

0
0
181

Жаңа Премьер-министр үкіметтің батыл қадамдарға баратынын мәлімдеді

Бүгін тағайындалған Үкімет басшысы Олжас Бектенов отандық өнімді қолдауға ерекше мән беретінін айтты.Мәжілістің жалпы отырысында Премьер-министр Президенттің жүктеген жоғары сенімін ақтауға бар күш-жігерін салатынын жеткізді.«Менің кандидатурамды қолдағандарыңыз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы еліміздің экономикасы мен әлеуметтік саласын дамытуда бірқатар ауқымды тапсырма берді. Аталған тапсырмалардың барлығы мүлтіксіз орындалады. Бұрын-соңды болмаған сын-қатерлер дәуірінде зор экономикалық серпіліс жасауымыз керек. Халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында үкімет батыл әрі тиімді қадамдар жасайды», — деді ол. Оның айтуынша, өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беріледі.«Мұнай-газ және көмір химиясы, металды терең өңдеу, мащина жасау, а…

0
0
153

Олжас Бектенов Премьер-министр болып тағайындалды

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген t.me/aqorda_resmi хабарламасында.

0
0
185

Президент Парламенттегі партия фракцияларының жетекшілерімен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кездесу өткізді.

Кездесуде Президент Конституцияның 44-бабына сәйкес Премьер-Министр лауазымына ұсынылған Олжас Бектеновтің кандидатурасы жөнінде фракция басшыларымен кеңесуге тиіс екенін айтты.

Талқылауға «Amanat» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев, Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов, «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы фракциясының жетекшісі Асхат Рақымжанов, «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі Серік Егізбаев, «Respublica» партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Ходжаназаров қатысты.

t.me/aqorda_resmi

0
0
198

БҚО-да ер адам аң аулау кезінде оқушыға оқ атқан

Батыс Қазақстан облысында 17 жастағы бозбала оқ тиді.Фото: pexels.com-БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға өткен сенбіде Ақжайық ауданы аумағында болды.«Шамамен сағат 13.30-да аудан орталығы Чапаев ауылынан 11 шақырым жерде аң аулау кезінде 29 жастағы ер адам абайсызда аңшы мылтығынан 17 жастағы жасөспірімге қарай оқ атқан. Салдарынан жасөспірім ауруханаға жатқызылды. ҚР ҚК 114-бабы 3-бөлігіне (абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтiру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аталмыш бап бойынша айыпты деп танылған адам бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге б…

0
0
192

Жемқорлардан тәркіленген қаржыға жаңадан 20 мектеп салынбақ

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 15 мыңға жуық оқушыға арналған 20 жаңа мектеп салынады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.Жасанды интеллект фотоиллюстрациясыЖемқорлардан тәркіленген қаражатқа салынатын білім беру нысандарының тізімі ведомствоның сайтында жарияланған. Оған мыналар кіреді: • апатты мектептерді ауыстыратын 2740 оқушыға арналған 5 мектеп құрылысы (екі ауысымда); • үш ауысымда оқытуды жою үшін 1200 орындық 1 мектептің құрылысы (екі ауысымда); • оқушы орынының тапшылығын жою үшін 8976 оқушыға арналған 11 мектептің құрылысы (екі ауысымда); • тозығы жеткен мектепті ауыстыратын 200 орындық 1 мектептің құрылысы (екі ауысымда); • екі мектепке қосымша корпустар салу (мәжіліс және спорт залдары, асханалар).Шымкент қаласында, Жетісу және Қыз…

0
0
177