Мазмұнға өту

Жаңа

Төтеншеліктер өткен тәулікте 154 шұғыл шақыртуға барды

Өткен тәулікте Қазақстан ТЖМ күштері 154 жедел шығу жасады.

​Оның 73-і өрттер мен жану оқиғаларына, 80-і іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстар. Бұл ретте 58 адам құтқарылды және эвакуацияланды.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады.

0
0
215

Бірнеше аймақта жастардың қылмыстық топтары ұсталды

ҚР ІІМ жастар арасындағы криминалдық топтарды анықтау және жолын кесу бойынша жұмысты тұрақты негізде жүргізіп келеді. Мұндай топтар көбінесе жасырын сипаттағы қылмыстарды жасайды, яғни жәбірленушілер қаскөйлердің қорқытуының салдарынан немесе тағы да басқа себептермен полицияға жүгінбейді. “Ұрылар” идеологиясын ұстанып, заңсыздыққа жол беретін топтар қоғамдық тәртіп пен азаматтардың құқықтарын өрескел бұзады. Жақында ғана ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Шымкент және Павлодар қалаларында осындай екі топтың ұсталғаны туралы хабарлаған болатын. Күдіктілер қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр. "Биыл қаңтар айында басқа да бірқатар өңірде осындай ұстаулар жүргізілді. Мәселен, Шымкентте жедел ақпаратты тексеру барысында университеттердің бірінен үш студентті ұрлау фактісі а…

0
0
185

Жайдарманшы оқушылар мінген шағын автобус жол апатына ұшырады

Ақмола облысында мектеп оқушылары мінген шағын автобус жол апатына ұшырады. 

Бір адам қайтыс болып, 15 жолаушы ауруханаға жеткізілген. Оның сегізі бала. 

Дәрігерлердің айтуынша, қазір олардың жағдайы бірқалыпты. Төрт адам облыс орталығындағы ауруханаға ауыстырылған. Оның екеуі бала. 

Қалған алты оқушы аудандық емдеу мекемесінде ем алып жатыр. Олар Көкшетау қаласында өткен Жайдарман ойындарынан кейін жолға шыққан. 

Полицейлердің мәліметінше, шағын автобустың 62 жастағы жүргізушісі алда келе жатқан қар тазалау техникасын басып озамын, деп қарсы бетке шығып кеткен. Рөлге ие бола алмай, жеңіл көлікке соқтығысқан. Оның жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.

 Qazaqstan телеарнасы

0
0
265

Үкіметті уақытша Роман Скляр басқарады

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндетін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелді.

Бұл жайында Президенттің бүгін жарияланған жарлығында айтылған.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті.

0
0
214

Үкімет отставкаға жіберілді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» жарлыққа қол қойдықойды.

Жарлық мәтінінде былай делінген:

Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.

2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелсін.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0
0
200

"Тоқтардың бұлбұлы Мейрамбектің бағында жүр". Желіде қызық видео тарады

Соңғы күндері әлеуметтік желіні 2000 жылдардың басындағы өнер жұлдыздарына қатысты қызық видео жаулап алды. Соны Facebook-ке жариялағандардың бірі Салтанат Абылбекова мынадай жазба қалдырыпты: "Сәбит: Бұл бұлбұл менің ғана бақшамда сайрауы керек!" Расымен де бейнероликте тойда беріліп ән айтып жатқан әнші Алтынай Жорабаеваға оның сол кездегі күйеуі, актер Сәбит Әбдіхалық тесіліп қарап тұр. Ал ортада Мейрамбек Бесбаев Бейбіт Сейдуәлиевамен билеп жүр. Бұл жазбаға төмендегідей пікірлер жазылған: "Неше жыл сайрады ғой". "Алтынайдың не айтып жатқанын адам түсінбейді ғой". "Тоқтардың бұлбұлы Мейрамбектің бағында жүр". "Бұлбұлдар əлі сайрап жүр. Соларды тойға шақыратындар не дейді екен? Яғни сұрап сүгіретке түсушілер". "Тоқтардың бұлбұлы басқа бақта сайрап жүр ғой. Ол қайда?"Видены мына жерден к…

0
0
254

Инвестиция тарту ісін жүзеге асыру барысы қаралды

Еліміздің Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Инвестициялар тарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізді.​Негізгі капиталға инвестиция тарту бойынша мемлекеттік органдардың 2023 жылғы жұмыстарының негізгі қорытындылары қаралды.Инвестициялар тарту саласында тиімді әрі ынталандырушы KPI айқындай отырып, Инвестициялық саясат тұжырымдамасын өзектендіру тәсілдері мен мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыру шаралары мақұлданды.Бұдан басқа ауыл шаруашылығы, минералды тыңайтқыштар өндіру, машина жасау салаларындағы жекелеген инвестициялық жобаларды іске асыру барысы қаралды.Мемлекеттік органдарға проблемалық мәселелерді шешу бойынша тапсырмалар берілді және жобаларды іске асырудың нақты мерзімдері айқындалды.Арнайы экономикалық аймақтар қызметінің қорытындыларын талд…

0
0
202

Биыл елімізде 1,2 трлн теңгеге 180 индустриялық жоба іске асырылмақ

Қазақстан Үкіметі шикізатқа бағдарланған экономикадан қосылған құны едеуір жоғары салаларға басымдық беретін экономикаға өту жөніндегі шараларды іске асыруды жалғастыруда. ​Бұл индустрияландыруды және оның қарқынды дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Мәселен, өткен жылы өңдеу өнеркәсібінде 928 млрд теңгеге 170 жоба іске асырылды. Отандық тауар өндірушілермен 179 ұзақ мерзімді шарт пен оффтейк-келісімшарт жасалды. Барлық қабылданған шаралардың арқасында өңдеу өнеркәсібінің экономикадағы үлесі тау-кен өнеркәсібінің үлесімен теңесті.Биыл 1,2 трлн теңгеге 180 индустриялық жоба іске асырылмақ. Сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз етудің жаңа тетігі индустрияландыруды жеделдетуге ықпал ететін болады.Машина жасау саласын дамытудың 2028 жылға дейінгі кешенд…

0
0
140

Абай облысында түн жамылып көшеде жүрген балалар жаппай ұсталды

Абай облысында түнгі уақытта көшеде жүрген 370-ден астам жасөспірім ұсталды.Жыл басынан бері Абай облысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ата-анасының немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болуының 370-ден астам фактісі анықталды. Жыл басынан бері Абай облысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ата-анасының немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болуының 370-ден астам фактісі анықталды. Көбінесе жасөспірімдер кафелерде, түнгі және ойын клубтарында, сондай-ақ көшеде жүреді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес кәмелетке толмағандар сағат 22:00-ге дейін ата-анасыз ойын-сауық орындарында бола алады. Балалардың түнгі 10-нан таңғы 6-ға дейінгі кезеңде болу фактілерін анықтау ата-аналарына айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады. Қазақстан Р…

0
0
183

"Майқайыңалтын" маңындағы іздеу-құтқару жұмыстары тоқтатылды

«GRP-RIDDER-GROUP» ЖШС жүргізген зерттеу нәтижелері ойық түбінде топырақ құрылымы өзгеріп, әлсірегенін анықтады. Астындағы қуыстар мен бос кеңістіктердің құлау қаупі өте жоғары.

​Төтенше жағдайлар қызметкерлері аталған учаскеде қандай да бір тау-кен, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу құтқарушылар мен мамандар үшін үлкен қауіп төндіріп тұрғанын айтады.

«Апатты жою жөніндегі басшының орынбасары - КӘАҚҚ РШО Павлодар филиалы директорының орынбасары Ерлан Жарқымбеков құтқарушылардың, экскаватор машинистерінің өміріне қауіп төнуіне байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстарды тоқтата тұру туралы шешім қабылдады», - деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментіндегілер.

Inform.kz

0
0
197