Мазмұнға өту

Жаңа

Мәжіліс ғимаратына бетпердемен кіру міндеттелді

Парламент Мәжілісінің ғимаратына міндетті түрде бетперде тағу режимі енгізілді.

Фото: almatydc.kz-

Мұндай қаулыны Президент Іс басқармасы медициналық орталығының бас санитар дәрігері Айгүл Темірғалиева қабылдаған.

Жиындар онлайн-форматқа көшірілген. Онда да бетперде тағу режимін қатаң сақтау керек.

Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов пен Президент кеңесшісі Қанат Бозымбаев коронавирусқа шалдыққан болатын.

0
0
192

Алматыда үйлерді лай көшкіні басқаннан кейінгі алғашқы сәттің видеосы тарады

Алматыда лай жылжымасынан кейінгі алғашқы сәттің видеосы ғаламторға шықты.

Оны қазір іздестіріліп жатқан отбасының көршісі түсіріп алған.

(Видеода бейәдеп сөздер бар!)

0
0
220

Ақтау әуежайында "жұтқыш" наркокурьерлер ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті «жұтқыштар» деп аталатындардың Қазақстанға есірткі жеткізетін контрабандалық арнасының жолын кесті. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.2024 жылғы 24 қаңтарда Ақтау қаласының халықаралық әуежайында ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаментінің жедел қызметкерлері мен шекарашылар есірткі тасымалдады деген күдікпен екі шетелдік азаматты ұстады. Осы жолаушылардың іш қуысына рентгеноскопиялық зерттеу бөгде заттардың бар екенін көрсетті. Арнайы медициналық тәсілдермен шетелдіктердің асқазандарынан апиын тобының есірткісінен тұратын 295 контейнер шығарылды. Алынған заттардың жалпы салмағы 2 кг-дан артықты құрады. Сот шешімімен фигуранттарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық кодекстің 286-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-текс…

0
0
225

Алматыдағы лай көшкіні: жасөспірімнің денесі табылды

Алматыдағы лай көшкіні басып қалған үйдің үйіндісінің арасынан 16 жасар баланың денесі табылды.

Қазір оқиға орнындағы іздеу жұмысына иісшіл иттер тартылған.

Құтқарушылар отбасындағы басқа адамдарды іздеп жатыр. Мектептегілер осы үйдің екі баласы келмей қалғанын айтыпты. Балалар егіз екен.

0
0
214

БОСТАНДЫҚҚА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ

Қазақ халқының бірлігі өз өзектілігін жоғалтпайтын мәселелердің бірі. Тәуелсіз ел болғанымызға 30 жылдан асты, дегенмен елдігімізді сақтап қалу жолында әлі де күресіп келеміз. Осы жөнінде «Қазақ» газетінде Мадияр есімді автордың «Орынбор, октябрь 21» атты мақаласында жазылған.«Орынбор, октябрь 21» мақаласының авторы Мадияр бүркеншік атымен жүрген Міржақып Дұлатұлы. Мақалада земство мәселесін көтереді. 1917 жылы қазан айының 16-жұлдызында «земский собрание» өтеді. Содан соң қазақ жерінің түкпір-түкпірінен земстволар ашып, тәуелсіз мемлекет құру керектігін сөз етеді. Қазақ облыстарының арасында алғашқы земство Торғай уезінде ашылған. Автор мақаласында «Зор төңкеріс болды, ескі хүкімет жоғалды, теңдік заманы туды, әр жұрттың өз тізгіні өзіне берілді» деп қуанышты хабармен бөліседі. Тарихқа к…

0
0
263

Антикор Қайрат Сатыбалдының ісі бойынша 44,6 млрд теңгені қайтарды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық істерді тергеу шеңберінде мемлекетке осы жылдың басынан бері қосымша 44,6 млрд теңге қайтарған.

Коллаж: Ulysmedia.kz- Қазіргі уақытта қаражат мемлекетке келтірілген залалды өтеу есебінен республикалық бюджетке жіберілді.

Бұған дейін Қайрат Сатыбалдының мемлекетке 650 млрд теңге қайтарғаны белгілі болған еді.

0
0
194

Алматыда "Айшуақ-Жантүгел" қылмыстық тобының 14 мүшесі құрықталды

Еліміздегі екі қалада ұйымдасқан қылмыстық топтардың жетекшілері мен белсенді мүшелері ұсталды. Иллюстрациялық фото: polisia.kz-Жыл басынан бері ұйымдасқан қылмыстық топ құру, оған басшылық ету және қатысу бойынша 15 факті анықталып, тіркелді. Әртүрлі қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық топтардың 30-дан астам жетекшілері мен белсенді мүшелері ұсталды. Мәселен, 7 ақпанда ІІМ мен ҰҚК қызметкерлері Алматы қаласында құрамында белгілі “Айшуақ-Жантүгел” ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері бар топты құрықтады. Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде 14 адам ұсталды. 7 атыс және травматикалық қару, 4 граната, 200-ден астам оқ-дәрі, есірткі заты, сондай-ақ басқа да суық қару тәркіленді. Топ мүшелері кәсіпкерлерге өздерінің криминалдық “қамқорлығын” көрсете отырып, оларды бопсалаумен айналысқаны ан…

0
0
185

Лай көшкіні басқан үйдің тұрғындары оның ішінде қалып қойған - Ерболат Досаев

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев лай жылжыған аумаққа барып, ондағы аршу-құтқару жұмыстарымен танысты.

Фото: ҚР ТЖМ

Досаев лай басқан үйдің тұрғындары ғимараттың ішінде қалып қойғанын айтты.

"Ең бастысы - іздеу-құтқару жұмыстары. Болжам бойынша осы үйде тұрған адамдарды іздейтін барлық мобилизациялық топтардың жұмысын үздіксіз қамтамасыз ету керек", - деді әкім.

Көршілерінің айтуынша, үйде 4 адам тұрған.

Алматыда лай көшкіні болып, оның үйлерге жеткенін бұрынырақ хабарлағанбыз.

0
0
307

Алматыда лай көшкіні болып, үйлерге зақым келді

Бүгін Алматы қаласының Медеу ауданындағы үйлер орналасқан аумақта лай көшкіні болды. Қазір апаттан құтқару жұмыстары жалғасуда.Фото: ҚР ТЖМТөтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша, суық сумен қамтамасыз ету құбырының жарылуы нәтижесінде топырақ батпақтанып, кейін көлемі 3200 текше метр жылжыма түскен. 2 жеке тұрғын үйге, оның ішінде біреуіне ішінара зақым келді.Алдын ала ақпаратқа сәйкес, үйлерде төрт адам, оның ішінде екі бала болған.Оқиға орнында "Қазселденқорғау" ММ, Алматы қаласының "109 құтқару қызметі" ММ, Республикалық жедел-құтқару жасағынан, Алматы қаласы ТЖД, ТЖМ 28237 әскери бөлімінен, жедел медициналық көмек бригадасынан, Медеу ауданының әкімдігінен 160-тан астам адам және 30 бірлік техника жұмылдырылды.Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары эвакуацияланды. Жинау пунктіне…

1
0
825

Президенттің Іс басқарушысы тағайындалды

ҚР Президентінің Іс басқарушысы болып Асат Нұрпейісов тағайындалды."Мемлекет басшысының Жарлығымен Асат Болатұлы Нұрпейісов Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - деп жазады t.me/aqorda_resmi.Кешеге дейін бұл қызметті Айбек Дәдебаев атқарған еді. Енді ол - Президент әкімшілігінің басшысы. Ал Нұрпейісов бұған дейін Президент Іс басқарушысының орынбасары болған. Асат Нұрпейісов 1987 жылы 18 шілдеде дүниеге келген.2010 жылы Прагадағы Нью-Йорк университетін «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша, 2012 жылы Еуропалық бизнес мектебін бітірген, MSc Global Banking and Finance «Халықаралық банк ісі және қаржы» магистрі.Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.2012-2015 жылдары KPMG Tax and Advisory менеджмен…

0
0
237