Әзірбайжанда президент сайлауы өтіп жатыр
Бүгін Әзірбайжанда жергілікті уақыт бойынша сағат 08:00-де сайлау учаскелерінде дауыс беру басталды. Оны осы елдің Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мазахир Панахов жария етті.

Фото: AFP
Әзірбайжанда президенттік орынға 7 үміткер бақ сынап жатыр. Олар: «Ени Әзірбайжан» партиясының атынан қазіргі мемлекет басшысы Ильхам Алиев, Милли Меджлис депутаттары Захид Орудж (өз-өзін ұсынған) бен Рази Нуруллаев («Ұлттық майдан» партиясының басшысы), «Ұлы жасампаздық» партиясынан Фазиль Мустафа, «Ұлы Әзірбайжан» партиясы атынан Эльшад Мусаев, «Әзірбайжанның бірыңғай халық майданы» партиясынан Гудрат Гасангулиев және және тағы бір өзін ұсынуші Фуад Алиев.
Әзірбайжандағы сайлаушылар саны - 6,334 млн. Олар 6,2 мың учаскеде дауыс беріп жатыр.
