Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Глицерин мен махорка соғысы

Парламент вейптерге толық тыйым салатын заң қабылдап, бәріміз урррааа деп ұрандатқанымыз кеше ғана еді. Бүгін еліміздегі вейпинг қауымдастығы депутаттардың шала-шарпы шығарған шешіміне қарсымыз деп отыр.

Себебі темекінің бұл түріне тиым салынса, ел экономикасы 18 млрд теңгеден қағылады дейді. Былтыр вейп сатқыштар салыққа осынша ақша төлеген екен. Сондай-ақ 20 мың адам тұрақты жұмысынан айырылып, нәпақасыз қалады дейді. Ең сорақысы вейптерді әкелуге, сатуға, пайдалануға тиым салса, қара нарық кеулеп, заңсыз контрабанда көлемі артады деп алаңдап отыр екен ассоциация өкілдері. Ең қызығы бұл өнімге Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің ешқайсысында шектеу жоқ.

Бір ғана нәрсе айтайын: бұл вейп пен темекі өндірушілер арасындағы соғыс. Себебі электронды темекі нарыққа енгелі ФилипМоррис сияқтылардың өніміне сұраныс азайған. Ал, бұл компаниялар ірі салық төлеуші болғандықтан, лоббиі де күшті. Бір сөзбен айтқанда темекінің де вейптің де адам денсаулығына зиян екені айдан анық, күннен жарық.

Ашығын атайын, өз басым ешкімді қолдамаймын. Тек «темекі соғысында» кімнің қалтасы қалыңдап, кімнің бизнесі банкрот болғанын білсем деген қызығушылық бар. Себебі темекі саудасындағы ақша айналымы есірткі мен арақтан асып түспесе кем емес.

Диас Нұрақын

0
0
180

Осы тақырып бойынша