Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Алматыда заңсыз жүрген 30-ға жуық африкалық ұсталды

Алматыда Африка елдерінен келген 28 заңсыз келімсек анықталды.

Бұл өткен күні қаланың көші-қон қызметі жүргізген мақсатты іс-шараның нәтижесі. Келімсектер қаланың әртүрлі нысандарынан табылды.

Алматы қаласы ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бүтіншиновтің айтуынша, олардың басым бөлігі қабылдап-тарату орнына орналастырылған.

«Нәтижесінде жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 16 шетелдік азамат ПД-нің қабылдап-тарату орындарына орналастырылды, Африка елдерінің тағы 8 азаматы үшін Қазақстаннан мәжбүрлеп шығару мәселесі шешілуде. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын басқа да заң бұзушылықтарды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде», - дейді Бүтіншинов.

0
0
229

Осы тақырып бойынша

Алматыда заңсыз жүрген 30-ға жуық африкалық ұсталды - Yvision.kz