Қазақ ұлдары арасынан шыққан алғашқы балет бишісі кім екенін білесіз бе?
Иә, білесіз бе? Біз осы күнге дейін білмей келіппіз. Оны енді төмендегі жазба арқылы тани аласыз....Бір орайы келгенде орнымнан тұрып, Саятқа (Медеуов - ред.) “Алмас Бекбосынов деген есім сізге таныс па?” деп сауал тастадым. Отырғандардың ешқайсысы естімеген боп шықты. Қысқаша айтып бердім. Себебі 2017 жылы телеарнада істеп жүргенде қазақтан ерлер арасынан шыққан тұңғыш кәсіби балет бишісі туралы бірнеше сюжет жасағанмын. Біз балет бишісі десе БолатАюхановты айтамыз. Соғыстан кейінгі жылдары АҚШ-қа барып, көкпар биін билеп, америкалықтарды таңғалдырған қазақ жігіті кім еді?Алғашқы 10 минуттық зерттеу репортажынан кейін редакцияға көп қоңырау соғылды. Тіпті Кенен ауылынан бір ақсақал келіп, біздің түсіру тобымызды және өнер зерттеушісі Айдар Жорановты ауылға қонаққа шақырды. Жамбыл облысы…





