Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Министр қай аймақтарда су тасқыны болуы мүмкін екенін айтты

Күн жылыған соң еліміздің 10 өңірінде су тасқыны болуы мүмкін. Мұны бүгін Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов айтты.

«Бүгінгі таңда елімізде ағымдағы су тасқыны жағдайы біршама тұрақталды. Қазгидрометтің ақпан және наурыз айларының соңына болжамына сәйкес, республиканың оңтүстік-шығыс, солтүстік және орталық бөліктерінде тәулігіне айлық нормамен мол жауын-шашын түсуі мүмкін. Осыған байланысты 10 өңірдің елдімекендерін, оның ішінде Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарында тау суларының ағыны салдарынан су басу қаупі бар», - деді ол.

Сондай-ақ министр Батыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарында қардың көп еруіне байланысты су тасқыны қаупі бар екенін жеткізді.

0
0
222

Осы тақырып бойынша