Мазмұнға өту

Жаңа

Итті тепкені және полицияға бағынбағаны үшін жазаланды

Қостанайда итті тепкен мас азамат полицейге бағынбағаны үшін қамауға алынды.Үйлердің бірінің кіреберісінде үш азамат болды. Осы сәтте анасы мен қызы өздерінің итімен жоғарғы қабаттан төмен қарай түсіп келе жатты.Ит алға қарай жүгіріп, адамдарға үре бастады. Ер адамдардың бірі итті аяғымен теуіп, ит қабырғаға ұшып кетті. Ит иесі полицияға жүгінді.Оқиға орнына келген учаскелік полицей олардан алкогольдің өткір иісі шыққанын байқап, медициналық куәландырудан өтуді талап етті. Алайда итті тепкен азамат полицейдің заңды талабына бағынбай, өзін агрессивті ұстап, балағат сөйлеген. Содан полицей самбо әдісін қолданып, үшеуін медициналық куәландыруға жеткізді.Итті тепкен азамат қамауға алынды. Үшеуі де жауапқа тартылды.Жануарға қатыгездік көрсеткен азамат 18 мың теңге айыппұл арқалады. Заңға бағын…

0
0
204

Павлодар облысында іздеу-құтқару жұмысына тікұшақ тартуға тура келді

19 ақпанда Ақтоғай ауданының Ақтоғай ауылының маңында 1981 ж.т. азамат жоғалып кетті, ол қарда жүретін көлікпен балық аулауға шығып оралмаған.

ТЖД күштерімен әуеден барлау кезінде Ақтоғай ауылынан 10-15 км жерден жоғалған адамның денесі табылды.
Іздеу жұмыстарына құтқарушылар, кинологиялық есептоп, ТЖМ әуе кемесі, ЖАО, полиция және жергілікті тұрғындар жұмылдырды.

@press_TJM

0
0
220

Атырау мұнай өңдеу зауытының басшысы боқтап сөйлегені үшін кешірім сұрады

Ғалымжан Жусанбаев ерте таңда келіп, өзі басқаратын кәсіпорынды тексеріп шыққан.

«Атырау МӨЗ бас директоры Ғалымжан Жусанбаев сын мен әшкерелеу көбейіп кеткеннен кейін кәсіпорында экскурсия жасап, боқтай жүріп онда болып жатқан барлық былықтарды көрсетіп шыққан. Оның содан кейінгі шұғыл ақталуына назар аудармай-ақ қойыңыздар», – деп жазыпты @egovpress.

Ал Жусанбаев ақталған видеосында бүй дейді:

«Осындай жағдай болғаны үшін кешірім сұраймын. Мен ұрыларға, жемқорларға солай сөйледім. Мені нашақор дейді. Таңғы сегізден түнге дейін жұмыста отырамын. Олар мені офисте отырып ішеді дейді. Маған әдейі жасап, олқылықтар тудырады». 

Ал видоены мына жерден көруге болады.

0
0
286

Ұлытау облысында 3 баланы қамқорлығына алған тұрғын оларды 5 жыл құлдыққа жеккен

5 жыл бойы фермада еңбек етіп, “құлдықта” болған балаларға, Ұлытауға барып келдім.Фото: depositphotos.comБүгін Ұлытау облысы әкімі Берік Әбдіғалиұлы, прокуратура, ІІМ-мен аталмыш істің мән-жайы мен қажетті шараларды зерделедік. Ақпанның басында облыстық прокуратура мен қамқоршылықтың мобильді топтарының тексерісі нәтижесінде бір отбасынан шыққан үш бала - 1 қыз және 2 ұл анықталды. Патронаттық отбасы оларды балалар үйінен 2018 жылы, балалар 14, 12 және 8 жаста болғанда алған. Балалардың үлкендерін қаладан 20 км қашықтықтағы өз фермаларында ұстап, мал бағуға мәжбүрлеген. Фермада екі табын жылқы және 18 сиыр бар. Фермаға барып, комиссия мүшелері балалардың өмір сүру жағдайларын көріп, шошиды. Денелері көгерген, әрі тыртыққа толы, жүп-жүдеу, шаршаған, аш, көздерінде жалын жоқ, кір-қожалақ, к…

0
0
188

Асылы апамыз ауруханаға түсіп қалды

Қазақ тілінің жанашыры, филолог-ғалым Асылы Османның денсаулығы сыр берген. 

Фотто: ernur.kz

Асылы апамыз қазір ауруханада ем алып жатыр. "Адырна" ұлттық порталы тіл жанашырына хабарласып, оның жағдайын сұрапты.

"Шүкір, бүгін кішкене тәуірмін. Дене қызуым да түсіп, жөтелім басылды. Қазір ауруханада жатырмын. Бір апта ауруханаға барғым келмей, үйде жатып едім. Бірақ жағдайым нашарлаған соң осында келдім. Қазір коронавирус қатты жайлапты. Менің ауруым ол емес. Дәрігерлер қарап жатыр", - деді Асылы Осман.

0
0
267

Маңғыстау облысында енді өрт сөндірушілер көтеріліп жатыр

"ҚазТрансОйл" ұлттық компаниясының өрт сөндірушілері 16 ақпаннан бастап жұмысқа шықпай қойған. Бұған олардың жалақысының аздығы себеп.Интернетте тараған видеода бір өрт сөндіруші жұмысшылардың талабын оқып берді. "Маңғыстау облысының "Зевс Энерго" өрт сөндіру компаниясы Ақтау, Жаңаөзен, Жетібай, Қаражанбас, Қаламқас ұжымдарының атынан үндеу. Осы уақытқа дейін мемлекеттік органдарға ескерту жасалып, арыз-талабымыз оң шешімін тапқан жоқ. Сол себептен ақпанның 16-сынан бастап жұмысты тоқтаттық. Айлығымыз 130-150 мың теңге аралығында. Еңбек демалысына 80 мың теңге беріліп келеді. Бұл қазіргі қымбатшылыққа байланысты аздық етеді. Айлығымызды 350 мыңға көтеруіңізді, әлеуметтік пакет қосылуын талап етеміз. Денсаулығымызға зиян аймақта жұмыс істеп жүргендіктен сүт, тағы басқа пайдалы азықпен қамт…

0
0
291

Alphard пен гараждан 77 келіден асатын марихуана табылды

Ақтөбе облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері оңтүстік өңірден есірткі жеткізу арнасының жолын кесті."Ақтөбеде қала тұрғыны тізгіндеген Toyota Alphard автокөлігі тоқтатылды. Көлікті тінту кезінде жүксалғышта өсімдік тектес, жасыл түсті, ерекше иісі бар зат салынған және скотчпен оралған алты полимерлі қап табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат салмағы 57,5 келі марихуана екені анықталды", – деді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов. Ары қарай жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде тағы бір күдікті ұсталды. Оның гаражынан өсімдік тектес заттар бар екі үлкен қара пакет табылып, тәркіленді. Тәркіленген зат салмағы 20 келі болатын марихуана болып шықты. Медициналық…

0
0
240

Жайдарманда жік шықты

ЖАЙДАРМАННАН ҚҰТ КЕТТІ! ЕСЕННІҢ ЕРКЕЛІГІ!50 жасты еңсерген Есен Елеукен мырзаның, елге есеп берірі бар деп жүрсем. Жас балалардың еңбегін елеусіз қалдырумен есте қалуда. Есен аға, сіздің оңтүстік өңірде қалып кеткен есеңіз бар ма? Әлде қайдан өскеніңіз естен шықты ма?Депутаттық сайланар кезде, “Қыздар емес” командасына байланысты айқай шыққан еді. Сонда “Жоғары лига”-дан алам дедіңіз. Бірақ олай жасамадыңыз. Жастардың сахнаға жартылай жалаңаш шыққанына көз жұмдыңыз. Оған ширек финалда оңбай ұтылып еді. Әділ қазылардың, әділдігі көрінбеді. Оған қоса президентімізді масқаралаумен хит болды.Өңірлердегі “Жайдарманға” бөлінер қаржы аз емес. Бірақ оның қалай игеріліп жатқанын білеміз. Сізге “Жайдармандағы” жемқорлық бар екенін белгілі болса, орныңызды босатасыз ба? Әлде менің күнәм жоқ деп қашқ…

0
0
375

Ұлттық бірыңғай тестілеу жұмысына қол сұғылған

Қылмыстық кодекстің 205-бабы 2-бөлімінде және 208-бабы 2-бөлігінде қарастырылған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылған Қазақстан азаматтары «С», «Ж» және «Н-ға» қатысты Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты мен Өскемен қаласы № 2 сотының үкімдері заңды күшіне енді.Олардың әрбіреуіне 1 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы белгіленді, сондай-ақ ақпараттық технология және телекоммуникация желілері саласында лауазымды қызметке тұру құқықтарынан 3 жыл мерзімге айырылды.Сотталған адамдар 2023 жылы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының заңмен қорғалатын ақпаратына заңсыз қол жеткізуді және көшіруді жүзеге асырғандары тергеумен анықталды.Олардың Ұлттық бірыңғай тестілеудің, педагогтар мен магистранттардың білімін бағалаудың өткізілуіне қол сұғулары дәлелден…

0
0
235