Түркістан облысында көрде тұратын әже табылғанын көрсететін видео тарады
Instagram-дағы dudoser_kzz парақшасына сұмдық видео жарияланды. Онда бір ер адам Шардара маңынан көрде тұратын апа табылғанын айтады.

«Біз көрде тұратын бір апаға келдік. Шардарадан 17 шақырым жерде айдалада тұрады судың жағасында. Енді о кісінің үйін көрсеңіздер, көрде тұрады. Апаның өзі міне. Әңгіме қазақ емес, орыс емес, өзбек емес, адам ғой. Адамдық қасиеттен айырылмауымыз керек. Жатқан жері мынау бірінші үйі. Кәдімгі көр. Дала минус 5 градус», – дейді әлгі видеодағы адам.
Бейнеролик кеше жарияланған. Әжейдің бұл видеоға түсірілгеннен кейінгі жағдайы бізге белгісіз.
Тек ulasova.aika есімді желі қолданушысы: «Ауруханаға жатқызылып емделді. Қазір баспана берді-ау» деп жазған.
Видеоны мына жерден көруге болады.
