Мазмұнға өту

Жаңа

Қазіргі министр бұрынғы министр туралы ойын айтты

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов өзінің алдында ТЖМ-ны басқарған Сырым Шәріпхановты жұмысқа шақыруға қатысты журналистердің сұрағына жауап берді.

«Ол кісі назардан тыс қалған жоқ. Басында-ақ сөйлестік. Әртүрлі ұсыныстар болды. Бірақ ол қазіргі таңда өзінің денсаулығын, отбасы жағдайын дұрыстап алған соң, бір айдың ішінде шешім қабылдайды. Дегенмен біз жақтан барлық ұсыныстар жасалды», - деді Шыңғыс Әрінов.

Айта кетейік, Сырым Шәріпханов Төтенше жағдайлар министрі қызметін 8 ай ғана атқарды.

0
0
182

Оңтүстіктен солтүстікке көшіру бағдарламасынан ойдағыдай нәтиже шықпады

Халықты оңтүстіктен солтүстікке көшіру бағдарламасы нәтиже берген жоқ. Үкімет сағатында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев осындай сын айтты.

Фотоколлаж: turanews.kz
Мәулен Әшімбаевтың сөзінше, бүгінде оңтүстік, батыс аймақтарда және мегаполистерде халық саны өсіп келеді. Ал солтүстік аймақтарда керісінше азаю үрдісі байқалады.
Соңғы жылдары халық саны Солтүстік Қазақстан облысында - 22, Павлодарда - 6  және Қостанай облысында 8 пайызға азайған.

Айта кетейік, оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару бағдарламасы 2017 жылдан бері жүзеге асырылып келеді.

@qazaqstantv

0
0
338

Министр қай аймақтарда су тасқыны болуы мүмкін екенін айтты

Күн жылыған соң еліміздің 10 өңірінде су тасқыны болуы мүмкін. Мұны бүгін Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов айтты.

«Бүгінгі таңда елімізде ағымдағы су тасқыны жағдайы біршама тұрақталды. Қазгидрометтің ақпан және наурыз айларының соңына болжамына сәйкес, республиканың оңтүстік-шығыс, солтүстік және орталық бөліктерінде тәулігіне айлық нормамен мол жауын-шашын түсуі мүмкін. Осыған байланысты 10 өңірдің елдімекендерін, оның ішінде Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарында тау суларының ағыны салдарынан су басу қаупі бар», - деді ол.

Сондай-ақ министр Батыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарында қардың көп еруіне байланысты су тасқыны қаупі бар екенін жеткізді.

0
0
244

Бектенов: «Жұмыс тәсілі өзгермесе, жауапты тұлғаларға қатаң шаралар қолданылады»

Сейсенбі, 20 ақпанда, Қазақстан Үкіметінің отырысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысы қаралды.Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, 2024-2025 жылдары 740 мың оқушыға арналған 369 жайлы мектепті, оның ішінде биыл 217 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр. Құрылыс бірыңғай стандарт бойынша жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте 163 мектеп (44%) ауылдық жерлерде салынбақ.Бұл оқу нысандары заманауи құралдармен жабдықталатын болады. Бастауыш және жоғары сыныптар үшін оқу кабинеттері, санитариялық тораптары және спорт залдары бар жеке блоктар қарастылырып отыр. Мектептерді заманауи техникалық құралдарды енгізу және күзетті күшейту есебінен жоғары деңгейдегі қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз ету жоспарлануда. Сондай-ақ оқушыларға ыңғайлы болу үшін оқу құралдары мен…

0
0
244

Шымкентте тұрғын қомақты көлемде жалған доллар сатпақ болған

Шымкентте дәмханалардың бірінде жалған АҚШ долларын сатпақ болған азамат сотталды.

Фото: golos-naroda.kz

Бұл дерек бойынша қылмыстық істі Қаржылық мониторнг агенттігінің Шымкент қаласындағы департаменті тергеген.

"Аталған азамат 100 долларлық банкноттармен 1900 АҚШ доллары көлеміндегі жалған ақшаны сатқан кезде қылмыс үстінде ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, нәтижесінде сот Шымкент тұрғынын кінәлі деп танып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", — делінген ведомство баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілдері азаматтарды сақтық танытып, қолма-қол ақшаны мұқият санауға шақырып отыр.

0
0
201

«Президент болса деп едім». Юрий Шевчук Астанада Навальныйға арнап ән айтты

Ресейлік ДДТ рок-тобының көшбасшысы Юрий Шевчук Астанада концерт өткізді. Ол өзінің танымал әндерінің бірі – «Свободаны» Алексей Навальныйдың рухына арнап айтты. Шевчук әнді орындар алдында залға қарата сөз сөйледі.«Бізге, ресейліктерге, еркіндік туралы айтып жүретін Алексей Навальный қайтыс болды. Ол еркіндік туралы жақсы айтты. Біз бәріміз өте жақсы мағынада еркін бола алатынымызды атап өтті. Ол еркіндіксіз сенім табынушылық екенін айтты. «Еркіндіксіз еңбек – құлдық. Арзан, ауыр құлдық. Еркіндіксіз махаббат – озбырлық» деді. Еркіндіксіз ештеңе болмайды. Бәрі қара түнек болып кетеді», – деді әнші.  Шевчук бұрын саяси мақсатта қамалғандарды, соның ішінде Алексей Навальныйды да қолдап сөз сөйлеген. Ол тіпті болашақта Навальныйды Ресей президенті ретінде көргісі келетінін айтты.Ай…

0
0
236

Семейде тағы бір сауда үйі өртенді

Семей қаласындағы "Бирюса" сауда үйінде өрт болды.

Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келгенде қатты түтін байқалды. ГТҚҚ буыны дереу құрылып, барлауға кірісті.
Барлау барысында аспалы төбенің жанып тұрғаны және қатты түтін бар екендігі анықталды.
Өрт 14-26 оқшауланып, 16-25 сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Өртті жоюға жеке құрамның 16 адамы, 4 бірлік техника жұмылдырылды.
Өрттің алдын ала ауданы 15 ш.м. құрайды. Өрттің себебі анықталуда.

Айта кетейік, 6 ақпанда Семейдегі Ақшың сауда үйінде алапат өрт болған еді.

@press_TJM

0
0
232

Түркістан облысында көрде тұратын әже табылғанын көрсететін видео тарады

Instagram-дағы dudoser_kzz  парақшасына сұмдық видео жарияланды. Онда бір ер адам Шардара маңынан көрде тұратын апа табылғанын айтады.

«Біз көрде тұратын бір апаға келдік. Шардарадан 17 шақырым жерде айдалада тұрады судың жағасында. Енді о кісінің үйін көрсеңіздер, көрде тұрады. Апаның өзі міне. Әңгіме қазақ емес, орыс емес, өзбек емес, адам ғой. Адамдық қасиеттен айырылмауымыз керек. Жатқан жері мынау бірінші үйі. Кәдімгі көр. Дала минус 5 градус», – дейді әлгі видеодағы адам.

Бейнеролик кеше жарияланған. Әжейдің бұл видеоға түсірілгеннен кейінгі жағдайы бізге белгісіз.

Тек ulasova.aika есімді желі қолданушысы: «Ауруханаға жатқызылып емделді. Қазір баспана берді-ау» деп жазған.   

Видеоны мына жерден көруге болады.

0
0
681

Итті тепкені және полицияға бағынбағаны үшін жазаланды

Қостанайда итті тепкен мас азамат полицейге бағынбағаны үшін қамауға алынды.Үйлердің бірінің кіреберісінде үш азамат болды. Осы сәтте анасы мен қызы өздерінің итімен жоғарғы қабаттан төмен қарай түсіп келе жатты.Ит алға қарай жүгіріп, адамдарға үре бастады. Ер адамдардың бірі итті аяғымен теуіп, ит қабырғаға ұшып кетті. Ит иесі полицияға жүгінді.Оқиға орнына келген учаскелік полицей олардан алкогольдің өткір иісі шыққанын байқап, медициналық куәландырудан өтуді талап етті. Алайда итті тепкен азамат полицейдің заңды талабына бағынбай, өзін агрессивті ұстап, балағат сөйлеген. Содан полицей самбо әдісін қолданып, үшеуін медициналық куәландыруға жеткізді.Итті тепкен азамат қамауға алынды. Үшеуі де жауапқа тартылды.Жануарға қатыгездік көрсеткен азамат 18 мың теңге айыппұл арқалады. Заңға бағын…

0
0
189

Павлодар облысында іздеу-құтқару жұмысына тікұшақ тартуға тура келді

19 ақпанда Ақтоғай ауданының Ақтоғай ауылының маңында 1981 ж.т. азамат жоғалып кетті, ол қарда жүретін көлікпен балық аулауға шығып оралмаған.

ТЖД күштерімен әуеден барлау кезінде Ақтоғай ауылынан 10-15 км жерден жоғалған адамның денесі табылды.
Іздеу жұмыстарына құтқарушылар, кинологиялық есептоп, ТЖМ әуе кемесі, ЖАО, полиция және жергілікті тұрғындар жұмылдырды.

@press_TJM

0
0
204