«Есіктен есікке» акциясы, үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда
Бөкей ордасы ауданында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Батыс Қазақстан облысы мәслихат депутаттығына үміткер Исетай Габдуллин Есетұлы және аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Айбарша Сырымқызы Бейсова үгіт-насихат жұмыстары аясында «Есіктен есікке» акциясымен үй-үйді аралап, Бөрлі ауылының тұрғындармен кездесті.Еңбек ардагерлерімен жүздесіп, сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, ардагерлердің тыныс-тіршіліктерімен танысты.Кандидаттар бағдарламада қарастырылған алдағы уақытта ауданды дамытуға арналған жеті бағыт бойынша жұмыс жасайтынын айтып, бірқатар мәселелерге тоқталып өтті. Қысқаша тоқталар болсақ, ауыл тұрғындарының табысын арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ауданның ішкі азық-түлік нарығының тұрақты және үздіксіз жұмыс істеуін сақтау…
