Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Аналар сенім білдірді

Көп балалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетілетін мүмкіндіктердің орындалу барысы бүгінгі басқосуда сөз болды.

Жиынға үміткерлер Мұса Әбдіқалықов, Гүлмира Рахметова және Айгүл Мұсабаева қатысып, көп балалы аналар тарапынан қойылған сауалдар мен көтерілген мәселелерді тыңдады.

Шараға қатысу арқылы өзіндегі халді баяндаған қала тұрғыны Гүлжан Жүнісова карантин кезінде көмек қолын созған әртүрлі шарапаты мол шаралар мен бағдарламаларға айтар алғысым шексіз деді. Сонымен қатар, 7 баланың анасы «Nur Otan» партиясы тарапынан көрсетіліп жатқан игі бастамаларға риза екенін жеткізіп, сайлауда қолдау көрсететінін атап өтті.

Сондай-ақ, бұл жиын барысында кандидаттар сайлауалды бағдарламаға тоқталып, ондағы әр бағытты атап өтті. Сол негізде қала дамуына үлес қосып, ортақ міндетті орындауда белсенді болуға және партияға қолдау білдіруге шақырды.

#QyzylordaQalasy #NurOtanQyzylordaQalasy #NurOtanДауысБер

0
0
168

Осы тақырып бойынша