Мазмұнға өту

Жаңа

Партиялық бақылау комиссиясының мүшелерімен онлайн кездесу өтті

"Nur Otan" партиясы Бөкей ордасы аудандық сайлауалды штабының төрағасы Мейрамбек Сағынғалиұлы Аққалиев партиялық бақылау комиссиясының мүшелерімен онлайн кездесу өткізді. Штаб төрағасы М. Аққалиев желілік кесте бойынша атқарылып жатқан үгіт насихат жұмыстары жөнінде партиялық бақылау комиссия мүшелерін хабардар етті.

0
0
168

Аудандық сайлауалды штабының төрағасы Мейрамбек Сағынғалиұлы Аққалиев аудан жастарымен кездесті

Бөкей ордасы аудандық сайлау алды штабының төрағасы Мейрамбек Сағынғалиұлы Аққалиев аудан жастарымен кездесу өткізді. "Nur Otan" партиясы сайлау алды бағдарламасында белгіленген аудан бойынша алдағы 5 жылда атқарылатын іс шаралар туралы аудан жастарын хабардар етті. Сонымен қатар, қазіргі кезде еліміздің жастарын қолдау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы 10 қаңтар күні өттетін сайлауда "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.

0
0
140

Хан Ордасы ауылында ардагерлерімен кездесу өткізілді

Бөкей ордасы аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ғайса Темірболатұлы Махимов, Аякоз Сатқанғалиқызы Тусипкалиева және Венера Қуанышқызы Елемесова Хан Ордасы ауылының ардагерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

0
0
122

“Nur Otan” партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалы белсенді жастары үгіт-насихат жұмыстарын бастады

2020 жылдың 10 желтоқсаннан бастап “Nur Otan” партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалының белсенді жастары үгіт-насихат жұмыстарын бастады.

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

@NurOtan,@JasOtan, @NurOtan_BQO, @JasOtan_nqo

0
0
156

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Құрметті барша Қазақстандықтар!Сіздерді еліміздің ең Ұлы мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсап өткен тәуелсіздіктен артық мәртебелі де қымбат ештеңе жоқ. Еліміздің тәуелсіздігі жолында өр рухты баһадүр бабаларымыз тарихқа өшпес із қалдырды. Біз тәуелсіз ел болдық. Ендеше егемендік шежіресін, қастерлі көк туымызды келер ұрпаққа тұғырлы түрде аманаттауға басты міндеттіміз.Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында Қазақстан өзінің жаңаша даму белесіне көтеріліп, болашаққа сенімді қадаммен ұмтылуда. Бұл қадамға біз де үлес қосып келеміз.Тәуелсіздігіміз тұғырынан таймасын, елдігіміздің ғұмыры ұзақ болсын! Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табыс…

0
0
171

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатына үміткер Габдуллин Исетай “ЕСІКТЕН ЕСІККЕ” акциясын өткізді

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатына үміткер Габдуллин Исетай Есетұлы “ЕСІКТЕН ЕСІККЕ” акциясы аясында кездесу өткізді. Кездесу барысында ауыл сайлаушыларына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, алдағы 10 қаңтар күні өз дауыстарын "Nur Otan" партиясына беруге шақырды.

0
0
162

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Райымбек Валиханұлы Құрманғазиев сайлаушылармен кездесті

Сайқын ауылының тұрғындарын "Nur Otan" партиясының сайлау алды бағдарламасын насихаттау мақсатында аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Райымбек Валиханұлы Құрманғазиев сайлаушылармен кездесті. Сайлаушыларды толғандырып жүрген сұрақтарына жауап беріп, аманаттарын қабыл алды.

0
0
114