Мазмұнға өту

Жаңа

Қалалық маслихат үміткерлері Дюсупова Гульзинеп және Джаумбаев Қаршыға спортшылармен кездесті.

Бүгін, 21 желтоқсан сайлауалды үгіт-насихат жұмысы бойынша, "Атырау" фитнес орталығы жаттықтырушыларымен қалалық маслихат үміткерлері Дюсупова Гульзинеп және мен Джаумбаев Қаршыға кездестік. Кездесу барысында орталықтың мақсаты қала тұрғындарының салауатты өмір салтын қалыптастыру екендігін әлемдік чемпионат жеңімпаздары айта келе, жасөспірімдерді әлемдік деңгейге дайындау, жаттықтыру үшін арнайы орын қажеттігін айтты. Спортшыларымыздың ұсыныс-тілегін қаперге алатынымызды ескертіп, алдағы сайлауға бір ауыздан дауыс беру мақсатында таныстырылған "Nur Otan" бағдарламасын құптады. #БізБіргеміз!

0
0
152

"NurOtan"партиясыАтырауқалалық мәслихатыдепутаттығынаүміткерлер Еркінқалатұрғындарыменкездесті

Праймеризде бағымды сынағанымды білесіздер.Депутаттыққа үміткер екенімді естігенімде қажет пе,қажет емес пе деп көп ойландым.Ойлана келе,Жастар мен аналар,отбасы құндылықтары,тұрғын үй, жұмыссыздық,кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін жақыннан білетін менің де сол қатарда болып, халықтың мұқ-мұқтажын жеткізу үшін қажет шығармын,уақыт келген шығар деп шештім.20желтоқсан күні "Nur Otan"партиясынан Атырау қалалық мәслихаты депутаттығына үміткерлер Қанатов Ғабиден Шораұлы,Сүлейменов Еркін Борисович,Мұхтаров Мұстахим Харенович және мен Шайхиева Бибігүл Какимжанқызы Еркінқала тұрғындарымен кездесіп,"Nur Otan"партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырдық.Кездесуде1.Амбулатория өте тар,жаңа емхана салынса2. Жол мәселесі3.Балаларға арналған ойын алаңдарын салу4.60жылдық тарихы бар саз мекте…

0
0
171

Аналар сенім білдірді

Көп балалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетілетін мүмкіндіктердің орындалу барысы бүгінгі басқосуда сөз болды. Жиынға үміткерлер Мұса Әбдіқалықов, Гүлмира Рахметова және Айгүл Мұсабаева қатысып, көп балалы аналар тарапынан қойылған сауалдар мен көтерілген мәселелерді тыңдады. Шараға қатысу арқылы өзіндегі халді баяндаған қала тұрғыны Гүлжан Жүнісова карантин кезінде көмек қолын созған әртүрлі шарапаты мол шаралар мен бағдарламаларға айтар алғысым шексіз деді. Сонымен қатар, 7 баланың анасы «Nur Otan» партиясы тарапынан көрсетіліп жатқан игі бастамаларға риза екенін жеткізіп, сайлауда қолдау көрсететінін атап өтті. Сондай-ақ, бұл жиын барысында кандидаттар сайлауалды бағдарламаға тоқталып, ондағы әр бағытты атап өтті. Сол негізде қала дамуына үлес қосып, ортақ…

0
0
197

онлайн режимде кәсіпкерлермен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырдық.

ПАРТИЯ КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАЙДЫ.Бүгін онлайн режимде кәсіпкерлермен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырдық. Партия шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне ақпараттық-әдістемеліккөмек көрсету, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамыту бойынша түсіндіру жұмыстары арқылы 5 жылда 630 кәсіпкерді қамтуға ықпал етіп, 2025 жылға дейін жалпы өңірлік өнімнің шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 24 пайызға жеткізуді көздейді.Атап айтқанда:✓ «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында несиелеу тетіктерін қолдану арқылы жылына кемінде 80 жобаны субсидиялауды және 20 жобаға қайтарымсыз гранттар беруге;✓«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2025 жылға дейін жаңа 114 бизнес-идеяларды жүзеге асыруға;✓Ауыл бизнесін дамыту мақсатында жергілікті бюджет есебінен «Бизнес аймақ» өңірлік ба…

0
0
134

Кәсіпкерлермен Zoom платформасымен онлайн кездесу өткізілді.

Халықпен кездесу жалғасуда!«Nur Otan» партиясынан қалалық маслихатының депутаттылығына үміткерлер Мен және Ринат Ғилажев,Жеңіс Абілкарес,Адилбек Зайдуллин,Азамат Асылбеков әріптестер болып, кәсіпкерлермен Zoom платформасымен онлайн кездесу өткізілді. «Nur Otan» партиясының кәсіпкерлерге қатысты сайлау алды бағдарламасын таныстырдық.Кәсіпкерлердің елімізге тигізіп жүрген үлесі орасан зор.Халықты жұмыспен қамтамасыз етіп,пандемия кезінде дәрі дәрмекпен,ИВЛ аппаратарымен,қандайда елде болған қиын кезеңде қолдау білдіріп жүрген жандар!Ел жанашыры кәсіпкерлерге шын жүректен алғысымды білдіремін!Қаламызда кәсіпкерлік оданда жоғары дамыса жұмыссыздық саны азайып,халқымыздың тұрмыстық жағдайы жақсаруына ықпалын тигізер еді. «Nur Otan» партиясы сайлау алды бағдарламасында жас кәсіпкерлерге грант б…

0
0
207

Үміткерлер сайлауалды бағдарламаның тиімділігіне тоқталды

"Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында көп балалы аналардың негізгі мәселелерін талқылау мақсатында ҮЕҰ мен іскер әйелдердің қатысуымен жиын өтті. Аталған жиында қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Гүлнар Жұмашева және Айна Мухамбетова «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, әртүрлі салаларды ілгерілету бағытында жоспарланған жұмыстарды атап өтті. Сонымен бірге, көп балалы аналардың мәселелерінен өзге әлеуметтік және медициналық мәселелер талқыға түсті. - «Nur Otan» партиясының бағдарламасында денсаулық сақтау саласына тиянақты мән берілуде. Өйткені, еліміздің болашағы дені сау ұлт пен жастардың қолында, - деді үміткер Айна Мухамбетова. Сондай-ақ, сөз алған келесі кандидат Гүлнар Жұмашева ана мен бала саулығы үшін медицинадағы мүмкіндіктерді одан әрі ілгеріл…

0
0
191

Болашағың үшін дауыс бер!

Болашағың үшін дауыс бер!Джон Кеннедидің «Ел мен үшін не істей алады деп сұрамаңыз, ел үшін өзім не істей аламын деп сұраңыз» деген сөзі мына заманда әрбір адамның өмірлік дағдысына айналуы қажет. «Ел үшін өзім не істей аламын?» - деген сұрақ көкіргі ояу әр қазақтың жадында жаңғырып тұруы тиіс. Себебі, еліне қызмет ететін азамат қана Отаны үшін қажыр-қайратын сарп етіп, аянбай еңбек сіңіріп барып өз елінің бірегей тұлғасына, ұлт мақтанышына айнала алады.Қазіргі ХХІ ғасыр – Білім мен Ғылым ғасыры. Ендеше, елімізді өркендету үшін қанаты қарымды, білімді жастар керек екендігі рас. Ел ертеңі – келер ұрпақтың қолында, олардың жолында деп ауыз талғанша айтып та, сия таусылғанша жазып та жатырмыз. Елімізді көркейту, өзімізден кейінгі ұрпаққа жеткізу – біздің борышымыз деп нық сеніммен айта аламы…

0
0
187

"Есіктен есікке" акциясы аясында Жұмыскер ауылының білім саласының ардагерлерімен кездесіп қайттық.

Бүгін мәжіліске, қалалық және облыстық мәслихатқа үміткер әріптестерімізбен "Есіктен есікке" акциясы аясында Жұмыскер ауылының тұрғындары, білім саласының ардагері Бөкен ағайдың, Мерует апайдың және зейнеткер Жұмабике апайдың үйлеріне барып, кездесіп қайттық.Қазақтың кеңшіл табиғаты ғажап қой... Үлкендеріміз батасын беріп, сәттілік тілеп, ағынан жарылып жатыр, шіркін!Саяси додаға жаңадан түсіп жатқанымызды естіп біраз өздерінің ақыл- кеңестерін айтып жатты."Nur Otan" партиясының жұмыстарын көріп отырмыз, елдің бірлігін, заманның тыныштығын, халықтың ауызбіршілігін тілейміз деп жатты.Барлығы бір ауыздан "Nur Otan" партиясын қолдаймыз, сіздерге дауысымызды береміз деп шығарып салды.Осындай ауызы дуалы аталарымыз, ақ жаулықты аналарымыз аман болсын!Қайғысыз, қамсыз зейнеткерлік үшін Нұр Отан…

0
0
168

Атырау кәсіпкерлерімен онлайн кездесу өткіздік

Бүгін Атырау қалалық мәслихатының депутаттығына үміткер партияластарым Әділбек Зайдуллин және Ринат Ғилажевпен бірге Атырау кәсіпкерлерімен онлайн кездесу өткіздік.

Өкінішке орай, пандемия көптеген шағын және орта бизнес субъектілеріне ауыр тиді. Негізінде экономиканың осы бір маңызды саласы салықтық түсімдердің басым бөлігін қамтамасыз етеді, жұмыс орындарын құрып, өңір тұрғындары үшін қызметтер мен тауарлардың өндірісін дамытады. Сондықтан осынау қиын кезде кәсіпкерлерімізге қолдау көрсетуіміз керек. Кездесу барысында партияның кәсіпкерлікті қолдау бойынша бастамаларына кеңірек тоқталып, жерлестеріміздің ұсыныс-пікірлерін тыңдадық.

0
0
137

Бисен ауылында ауыл тұрғындарымен кездесу өткізілді

Бүгін Бисен ауылдық Мәдениет үйінде "Nur Otan" партясының аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Е. Меңдешев, Е. Насыров және Е. Мукешева ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуге ауыл үлкендері, көп балалы аналар, жастар қатысты. Кездесуді ауыл әкімі К.А. Құрмашев ашты. Кенжебек Асқарұлы елімізде өткелі отырған ауқымды науқан жайлы кеңінен таныстырып өтті. Сөз кезегін алған үміткер Елубай Нұрболатұлы " Nur Otan" партиясының сайлау алды бағдарламасымен таныстырып, барлық сайлаушыларды 10-қаңтар күні өз таңдауын әділ таңдап, "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.

0
0
137