Қалалық маслихат үміткерлері Дюсупова Гульзинеп және Джаумбаев Қаршыға спортшылармен кездесті.
Бүгін, 21 желтоқсан сайлауалды үгіт-насихат жұмысы бойынша, "Атырау" фитнес орталығы жаттықтырушыларымен қалалық маслихат үміткерлері Дюсупова Гульзинеп және мен Джаумбаев Қаршыға кездестік. Кездесу барысында орталықтың мақсаты қала тұрғындарының салауатты өмір салтын қалыптастыру екендігін әлемдік чемпионат жеңімпаздары айта келе, жасөспірімдерді әлемдік деңгейге дайындау, жаттықтыру үшін арнайы орын қажеттігін айтты. Спортшыларымыздың ұсыныс-тілегін қаперге алатынымызды ескертіп, алдағы сайлауға бір ауыздан дауыс беру мақсатында таныстырылған "Nur Otan" бағдарламасын құптады. #БізБіргеміз!


