Болашағың үшін дауыс бер!
Болашағың үшін дауыс бер!
Джон Кеннедидің «Ел мен үшін не істей алады деп сұрамаңыз, ел үшін өзім не істей аламын деп сұраңыз» деген сөзі мына заманда әрбір адамның өмірлік дағдысына айналуы қажет. «Ел үшін өзім не істей аламын?» - деген сұрақ көкіргі ояу әр қазақтың жадында жаңғырып тұруы тиіс. Себебі, еліне қызмет ететін азамат қана Отаны үшін қажыр-қайратын сарп етіп, аянбай еңбек сіңіріп барып өз елінің бірегей тұлғасына, ұлт мақтанышына айнала алады.
Қазіргі ХХІ ғасыр – Білім мен Ғылым ғасыры. Ендеше, елімізді өркендету үшін қанаты қарымды, білімді жастар керек екендігі рас. Ел ертеңі – келер ұрпақтың қолында, олардың жолында деп ауыз талғанша айтып та, сия таусылғанша жазып та жатырмыз. Елімізді көркейту, өзімізден кейінгі ұрпаққа жеткізу – біздің борышымыз деп нық сеніммен айта аламын. Ал, жас дос, сен болашағың үшін мүмкіндіктен қалыс қалма! Болашағың үшін дауыс бер!
#Болашағыңүшіндауысбер #Білімменғылым
