Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Есіктен есікке" акциясы аясында Жұмыскер ауылының білім саласының ардагерлерімен кездесіп қайттық.

Бүгін мәжіліске, қалалық және облыстық мәслихатқа үміткер әріптестерімізбен "Есіктен есікке" акциясы аясында Жұмыскер ауылының тұрғындары, білім саласының ардагері Бөкен ағайдың, Мерует апайдың және зейнеткер Жұмабике апайдың үйлеріне барып, кездесіп қайттық.

Қазақтың кеңшіл табиғаты ғажап қой... Үлкендеріміз батасын беріп, сәттілік тілеп, ағынан жарылып жатыр, шіркін!

Саяси додаға жаңадан түсіп жатқанымызды естіп біраз өздерінің ақыл- кеңестерін айтып жатты.

"Nur Otan" партиясының жұмыстарын көріп отырмыз, елдің бірлігін, заманның тыныштығын, халықтың ауызбіршілігін тілейміз деп жатты.

Барлығы бір ауыздан "Nur Otan" партиясын қолдаймыз, сіздерге дауысымызды береміз деп шығарып салды.

Осындай ауызы дуалы аталарымыз, ақ жаулықты аналарымыз аман болсын!

Қайғысыз, қамсыз зейнеткерлік үшін Нұр Отанға дауыс беріңіз!

Біз біргеміз!

Nur Otan Gorod Atyrau

0
0
154

Осы тақырып бойынша

"Есіктен есікке" акциясы аясында Жұмыскер ауылының білім саласының ардагерлерімен кездесіп қайттық. - Yvision.kz