Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Кәсіпкерлермен Zoom платформасымен онлайн кездесу өткізілді.

Халықпен кездесу жалғасуда!

«Nur Otan» партиясынан қалалық маслихатының депутаттылығына үміткерлер Мен және Ринат Ғилажев,Жеңіс Абілкарес,Адилбек Зайдуллин,Азамат Асылбеков әріптестер болып, кәсіпкерлермен Zoom платформасымен онлайн кездесу өткізілді. «Nur Otan» партиясының кәсіпкерлерге қатысты сайлау алды бағдарламасын таныстырдық.

Кәсіпкерлердің елімізге тигізіп жүрген үлесі орасан зор.Халықты жұмыспен қамтамасыз етіп,пандемия кезінде дәрі дәрмекпен,ИВЛ аппаратарымен,қандайда елде болған қиын кезеңде қолдау білдіріп жүрген жандар!Ел жанашыры кәсіпкерлерге шын жүректен алғысымды білдіремін!

Қаламызда кәсіпкерлік оданда жоғары дамыса жұмыссыздық саны азайып,халқымыздың тұрмыстық жағдайы жақсаруына ықпалын тигізер еді. «Nur Otan» партиясы сайлау алды бағдарламасында жас кәсіпкерлерге грант бөліп, жобаларын жүзеге асыруға кәсіпкерлікке қолдау білдіретіндігін жоспарға енгізіп отыр!

#jenimpazbol

#nurotan

0
0
177

Осы тақырып бойынша

Кәсіпкерлермен Zoom платформасымен онлайн кездесу өткізілді. - Yvision.kz