Мәжіліс мәселені әлі қарап жатқанда, тағы кәмелет жасына толмаған қыз зорланды
Мәжіліс депутаттары әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа, соның ішінде педофилияға қарсы жазаны күшейтуді қарастыратын заң жобасын бүгін ғана бірінші оқылымда мақұлдаған еді.
Енді прокурорлар Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында кәмелет жасына толмаған қызды өз үйінде бірнеше ер адам зорлағанын хабарлап отыр.
Оқиға былай болған: Әйелге спирттік ішімдік ішуге келген достары кейін оның қызын зорлапты.
Облыс прокурорының аға көмекшісі Виктор Найданың ойынша, бұл қылмыстың алдын алуға болар еді. Бірақ кәмелет жасына толмағандармен жұмыс жөніндегі комиссия өз міндетіне жүрдім-бардым қараған.
"Бұл қылмысқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Осы оқиғаның алдында бір ай бұрын мектеп аудандық әкімдік жанындағы кәмелет жасына толмағандар жөніндегі комиссияға ішімдікке салынған әйелді аналық құқығынан айыру жөнінде өтініш хат жолдаған. Бірақ комиссия оны дер кезінде қарамай, тек оқиға болғаннан кейін қаңтар айында ғана қараған", - дейді Виктор Найда.
kaz.inform.kz
