Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Ерейментауда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді

Ішкі істер министрлігі трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ айналысып келген синтетикалық есірткі өндіру және тарату арнасына тосқауыл қойды.

ІІМ имидждік жұмыс және ішкі коммуникациялар департаментінің бастығы Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша, шетелдік үш азаматқа қатысты трансұлттық ұйымдасқан топ құрғаны, оған басшылық жасағаны және қатысқаны үшін қылмыстық іс қозғалған.

Қылмыстық топтың мүшелері Ақмола облысы Ерейментау қаласының шетінде орналасқан, ұйымдастырушы сатып алған жеке үйде құрықталды. Онда күдіктілер психотроптық заттарды дайындап, сақтаған.

"Топ мүшелерінің арасында рөлдер мен міндеттер нақты өзара айқындалған. Есірткі зертханасында салқындату, желдету жүйелері, сондай-ақ синтетика өндіру үшін арнайы жабдықтар болған. Есірткі жасырын түрде, қатаң құпиялықты сақтаумен дайындалған. Күдіктілер көршілерде күдік тудырмас үшін үйден тек қажет болғанда ғана шығып, үйдің периметрі бойынша ұйымдастырушының Wi-Fi желісіне шығатын бейнебақылау камераларын орнатқан. Сонымен қатар есірткі әзірлеуге арналған шикізаттар мен дайын өнімді сақтайтын гараж және автокөлік сатып алынған. Бұл мүліктердің барлығы көлеңкелі схемамен төленіп, шетелдік сатып алушының атына тіркелмеген", – деді Шыңғыс Әлекешев.

Жалпы тінту кезінде 12 келіден астам мефедрон және 17 келіден астам прекурсор тәркіленген.

Polisia.kz

0
0
214

Осы тақырып бойынша