Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Алматы әкімдігінде жер сілкінісіне қатысты басқарма құрылмақ

Алматы қаласының әкімдігінде екі жаңа басқарма құрылатын болды. Олар – сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасы және қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы.

Фото: azattyq.org

Қала әкімі аппаратының басшысы Бейбіт Шахановтың айтуынша, бірінші басқарманың негізгі міндеті - сейсмикалық қауіпсіздік стандарттарының сақталуын қамтамасыз ету, жер сілкінісі қаупін басқару, табиғи апаттар кезінде өзін қалай ұстаудың базалық дағдыларына үйретуді ұйымдастыру, сондай-ақ Төтенше жағдайлар департаменттерін, полицияны, қалалық қызметтерді және сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ұйымдарды үйлестіру.

«Аталған басқарманың жұмысы сейсмоаудит жүргізуге, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау қаупін мониторингтеудің бірыңғай жүйесін әзірлеуге, сондай-ақ азаматтық қорғану, жұмылдыру дайындығы саласындағы мемлекеттік реттеу мәселелерін шешуге мүмкіндік береді», - деді Шаханов.

Соңғы кездері жиілеп кеткен жерасты дүмпулерінен үкіп отырған Алматы тұрғындары енді осы басқармадан үміт күтеді. Әрине, егер бұл мәселе де басқарма құрумен реттелетін болса.

0
0
192

Осы тақырып бойынша

Алматы әкімдігінде жер сілкінісіне қатысты басқарма құрылмақ - Yvision.kz